Өлең, жыр, ақындар

Ад қауымы

Ад қауымы Құранда аты аталған ескі қауымның бірі. Ад қауымы өмір сүрген аймағы жайында екі түрлі пікір бар. Көпшілік тарихшылар Йемен аймағында десе, кейбіреулері Омман мемлекетінің аумағында өмір сүрген деуде. Ад қауымы Нұх пайғамбардың ұлы Сам, Самның ұлы Ирам, Ирамның ұлы Аус, Аустың ұлы Адтың ұрпағынан тараған. Топан судан кейін шамамен 800 жылдан кейін өмір сүрген.

Нұх алейһиссаламның ұрпақтарының бір бөлігі араб түбегінің оңтүстігіне қарай жылжып, теңіз жағасына дейін барып, қазіргі Йемен аймағына тұрақтаған. Араб түбегіне алғашқы болып қоныстанған қауым.

Олар өте ірі денелі, ұзын бойлы еді. Өздерін өзгелерден артық санап, ешкім қол жеткізбеген жетістікке жету үшін барын салып, жартасты қашап сарай салады. Алайда азғындыққа бет алған қауым уақыт өткен сайын шектен шығып, байлыққа мастанып, өз күштеріне сеніп, Аллаһқа деген сенімдері өзгеріп, пұтқа табынуға көшіп, құдайын ұмытады. Дінсіздікке бет бұрған қауым өкілдері зұлымдық жасауды әдетке айналдырып, сырттан келушілерге күн бермей қанайды. Өздерінің ірі денелі, бойшаң, күшті екенін алға тарта отырып, тәкәппарлыққа бой алдырады.

Аллаһу та’ала осындай азғындаған қауымды тура жолға салу үшін Һуд алейһиссаламды пайғамбар етіп жібереді.

Бірақ, Һуд алейһиссаламды тыңдамай, күпірліктерін жалғастырған қауымға Хақ та’ала апат ретінде әуелі жауын жаудырмады. Жауын жаумай қуаңшылық басталып, егіс алқабы қурап, мал қырылып, Ирам бағы қурайды. Артынан дауыл тұрып, көз көріп, құлақ естімеген дауыл 8 күн ішінде ад қауымын опат етеді. Тек Һуд алейһиссалам және оған иман еткендер ғана аман қалады.

Амал мен сенімде шектен шыққандықтан Нұх алейһиссаламның топан суынан кейінгі азапқа ұшыраған қауым болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз