Өлең, жыр, ақындар

Қазақ Ұлттық Университетінің жетістіктері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Қазақ мемлекеттік университеті) 1934 жылы 17 қарашада құрылған. Бастапқыда университетте төрт факультет болды: физика-математика факультеті, филология факультеті, тарих факультеті және биология факультеті. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып, студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларын жүзеге асырады. Университет гуманитарлық ғылымдардан жаратылыстану ғылымдарына дейін әртүрлі білім салаларында көптеген мамандықтарды ұсынады. Үздік университеттердің рейтингіне келетін болсақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты түрде Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның үздік университеттерінің тізіміне еніп келеді.

QS World University Rankings 2025 (QS WUR) халықаралық рейтингі бойынша оқу орнымыз қол жеткізген жарқын жетістікпен мақтан тұтамыз! Биыл қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы 9 көрсеткіш бойынша 67 позицияға жоғарылап, 230 орыннан 163 орынға көтерілді. Рейтингке 21 қазақстандық жоғары оқу орны енген. Биыл ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда академиялық бедел, жұмыс берушілер арасында түлектердің сұранысы бойынша алға шықты. Сондай-ақ студенттер саны мен оқытушылар құрамының арақатынасы, тұрақты даму көрсеткіштері анағұрлым артқан. Әлемдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлық, әлеуметтік әріптестікті дамыту саласында ілгері қадамдар жасады. Инновациялық зерттеулер мен жаңа технологияларды жандандыру бағытында өз орнын сақтап қалды. ҚазҰУ-дың QS WUR халықаралық рейтингіне жыл сайын қатысуы – білім ордасының әлеуетін жан-жақты бағалауға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметін одан ары дамытып, жетілдіруге, жаңа ізденістер жасап, ынталандыруға жол ашады. «ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда. 90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессор табысты еңбек етуде. Оның ішінде 11 ҚР ҰҒА академигі, ҚР Жоғары мектебінің үш академигі, Жоғары мектебі Ғылым академиясының ­ сегіз академигі, жеті ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді. Биыл 32 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. Кез келген университет мәртебесі оқытушы ғалымдардың еңбегімен, түлектерінің сапасымен өлшенеді. ҚазҰУ түлектерінің арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, қаламгерлер, кәсіпкер-меценаттар, тәжірибелі дипломаттар жеткілікті. ҚазҰУ-да жылдар бойы қалыптасқан белгілі қайраткер тұлғалардың, мықты оқытушы-профессорларымыздың ғылыми мектептері қалыптасқан.

Университет осы ғылыми мектептерді ары қарай жалғастырып, жаңа бағытта дамыта беретін болады. Қазіргі уақытта 25 мыңнан астам студент білім алуда. Студенттер АҚШ, Еуропа, Азияның озық университеттерінде білімін жетілдіруде. ҚазҰУ әлемнің 650-ден астам жоғары оқу орындары және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. Университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісілді. Мемлекеттік аттестациядан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны[2]. Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының бірінші лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының иегері. өнім мен қызмет сапасының саласы. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және университеттердің Еуразиялық қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің университеттері арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Магна Картасына қол қойды және халықаралық конкурстардан сәтті өтті. сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) ISO 9000:2000 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін сертификаттау және әлемнің ең ірі сертификаттау орталықтары – IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесінің сертификаттарын алды. Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамадан өту үшін әлемнің 418 ірі халықаралық университетімен ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану мамандығының 2 курс студенті Абылқан Мұса

Жетекшілер: аға оқытушы., PhD Мұқан Нұрзат. Сарсенбаев Р.М.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер