Тілеміс пен Мәнжі Кенесарының оң жағында, Ағыбай батырмен қатарлас бұғып жатқан еді. Екеуі де жағдайды анық аңғарлайды. Бұл қалыпта қамалдың алына қоюы екіталай. Тәуекел!.. олар Ағыбайға да, басқаларға да айтпастан кейін жылжып, жалғыз бөлініп шықты. Жеке қимылдағаннан төтесі жоқ. Оң қолдарына қылышын, ал сол қолдарына шолақ найзасын ыңғайлап ұстайды. Ербиген баялыш бұталарын, қурай-қурайды паналай, жау назарына шалынбастан қамалға жетті-ау ақыры. Ішке қарғып түсті. Қоян-қолтыққа келгенсін-ақ Құдайдың бергені. Қылыш пен найза екі қолымен бірдей сермейді...
Тілеміс пен Мәнжінің даусын жазбай таныған, күні бойы дымы құрып, ызаға булығып жатқан Кенесары сарбаздары қос батырдың соңынан бекініске лап береді. Олар қамалға жеткен бойда қарғып-қарғып ішке дік-дік түсіп жатты. Енді мылтық атуға мұршалары келмей, бар артықшылығынан айырылып қалған солдаттармен мидай араласып кетті. Көк сүңгі мен қайқы қылыштың құдіреті басым шықты. Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Жанайдар батырлар ақыра тиіп, жауды жапырып, олайғысын олай, былайғысын былай жайпап береді...
Ұрыс тынды. Жау жайрап жатты. Қыруар азық-түлік, қару- жарақ қолға түсті. Кенесары ойы орындалды. Аталары Абылай атасына адал қызмет еткен, ал өзі өзіне адал қызмет етіп келе жатқан Тілемісті Кенесары бұрыннан жанына жақын тартып, үзеңгілес серігінің бірі еткені белгілі. Мына жолғы ерлігі оны тіптен сүйіндіріп, тәнті етіп жіберген еді.
«Бұл жеке шауып қамал бұзды... Бұдан былай мұның аты Тілеміс емес, Жеке батыр болсын! — деді масаттанып. Ал оған ерген жиырма үш жасар Мәнжі батыр енді мыңбасы атағына ие болсын!» — деп ұйғарды Кенесары сұлтан.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі