Туған күнге арналған қысқа, есте тез сақталатын тілектер

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / Туған күнге арналған қысқа, есте тез сақталатын тілектер

Туған күнге арналған қысқа, есте тез сақталатын тілектер — Тілектер мен құттықтаулар жинағы тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.

Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.

Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын.

Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.

Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.

Ата-анаңның аяулысы бол, Алланың сүйкімдісі бол.

Еңсеміз тік, қадамымыз нық болсын.

Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.

Жарық та, жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.

Өмірде "әттеген-ай" деген аз болып, "шіркін-ай", "пай-пай" дегеніміз басым болсын.

Өмірің нұрлы болсын, көңілің жырға толсын.

Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.

Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.

Қыдыр қонып, бақ дарысын.

"Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың" демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.

Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.

Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.

Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, бағы жансын.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге құттықтау тілек жинағы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Айбибі

Атаға тілек жоқ

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бойынша басқа мақалалар тілек бойынша мақалалар Туған күнге арналған қысқа бойынша мақалалар есте тез сақталатын тілектер бойынша мақалалар құттықтаулар бойынша мақалалар admin жариялаған мақалалар