Өлең, жыр, ақындар

Балқаймақ

Балқаймақ — сүттен жасалатын ұлттық тағам.

Тағамдық тез әзірленетін тәтті тағамдардың бірі болып табылады. Қазақ дастарханынан жиі көрінетін осы сыпайылар тамағы кәдімгі қаймақтан жасалады. Жаңа тартылған қаймақты шағын ыдысқа салып, оны май болып сұйылып кетпейтіндей жағдайда баяу қайнатады. Қайнау сәтінде аздап бал, немес қант және ақ ұн сеуіп араластырып отырады. Сәл суығаннан кейін кімге болсада ұялмай алдына қоюға болады. Қазақ дәстүрінде сары май, "балқаймақ" ақлақ жеген қонақтар бізге ет асып бермедің деп өкпелемейді. Қайта жеңсік тағам бергені үшін ризалық білдіреді. Қайраткер этнограф Өзбекәлі Жәнібеков балқаймақты түйе сүтінен қайнатып жасады деп жазған.

Балқаймақ қалай жасалады

Ұн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады. Масса үздіксіз араластыра отырып 10 минут бойы қыздырылады. Дастарқанға ыстық күйінде әкелінеді.

Бұл тағамды жасауға 900 грамм қаймақ, 50 грамм бидай ұны, 100 грамм бал жұмсалады.

Емдік балқаймақ

Емдік балқаймақты дайындаудың өз ерекшелігі бар. Ол сырқаттың түріне байланысты. Мысалы, асқазан ауруын емдеу үшін таңертең ерте сауылған 10 л сиыр сүтін қызуы аз отқа жарты сағаттай шымырлатып қайнатады да, оған 700-800 г. сарымай, сонша таза бал, 10 г. ұнтақталған қызыл бұрыш қосып, әбден қоюланғанша қайнатады. Суыған соң эмалданған ыдысқа салып, салқын жерге қояды. Күніне үш рет 2 ас қасықтан, 1 ай ішеді.

Оқуға кеңес береміз:

Сүттен жасалатын тағамдар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер