Еріншектің ертеңі ғұмыры бітпес,
Ал ғұмыры ертең-ақ бітер.
Қорқақ қорқа-қорқа батыр болар,
Не болмаса қатын болар.
Ақыл да, ақын да, батыр да бұқарадан шығады.
Елбасы да, шенбасыда бұқарадан ығады.
Білімді ел - Отан болар,
Білімсіз ел қотан болар.
Оқуға кеңес береміз:
Уәде берілсе неғұрлым ерте,
Ғұмыры да болады соғұрлым келте.
Көңілің толмаса заманға,
Кінә қойма адамға.
Адам билік етпейді,
Уақыт деген тажалға.
Бұрын өлгендер бір уыс топырақты қанағат қылса, қазіргі өлгендер бір Камаз топыраққа да қанағат етпейді.
Тәннің кірін жуып тазартасың
Жанның кірін қайтіп тазартасың.
Келеді кейде ойлар қайдағы жоқ,
Кететін кейде аса пайдалы боп.
Жақсы ойдан не пайда,
Жарамаса әжетке.
Жаратам деп жеті ойла,
Жақсы ойды қажетке.
Көп ойдан жоқ ешбір пайда,
Екі ойың болса біреуін таңда.
Көп сөздің көпшілік түсінбес парқын,
Аз сөздің әрқашан қымбат қой нарқы.
Көп сөзден гөрі салмағы жеңіл,
Бір ауыр сөздің бағасы алтын.
Көп жерде сол бір бағалы сөзді,
Болады екен айтпаған артық.
Ой көп болса бірін-бірі түртеді,
Ой аз болса бір-бірінен үркеді.
Мақтаншақ болсаң жарылып кетесің,
Сабырлы болсаң мақсатқа жетесің.
Әсемпаз болсаң әуреге жолығасың,
Өнерпаз болсаң сәулеге жолығасың.
Күдікті секіреді,
Сенімді кекіреді.
Жорыққа шықсаң жолдасың сенімді болсын,
Торға түссең де қорықпайсың.
Өзіңде жоқ болса да еліңде бар болсын,
Ешқашанда торықпайсың.
Мақсатың біреу болса,
Төрт жерден тіреу болсын.
Дені сау сомдай білегің,
Ақылға толы жүрегің.
Күш-қайрат пен жігерің,
Осылар болар тірегің!
Уақытым аз дегендер,
Көрінcе де кемеңгер.
Өзінің емес өзгенің,
Уақытын жегендер.
Мақсатың биік шығар тауың,
Қиялың ең қауіпті жауың.
Мақсатың қатты еліктіреді,
Түбінде бақытқа кезіктіреді.
Қиялың қатты желіктіреді,
Түбінде пәлеге кезіктіреді.
Бидай ексең дұрыстап,
Қурай шығып кетпейді.
Бала өсірсең дұрыстап,
Алдыңнан қия өтпейді.
Бағаңды білсең арзанға келіспе,
Бағаңды білмесең босқа керіспе.
Қателеспейтін адамдардың түгел сияқты есебі,
Бәрібір олар болып жүр ғой басқалардың есегі.
Жақсы маман да аяғын қате басады,
Бірақ ісінен ләззат ала-алмай сасады.
Кішкентайдан асырап едім бөлтірік,
Өскеннен соң өзімді қапты сол шірік.
Өзіме қарай шабатынын білгенде,
Күшік кезінде тастайтын едім өлтіріп.
Дүние жеткізбейді сағым құсап,
Әуре етер ер жігітті бағын тұсап.
Алдамшы дүниені қуған адам,
Кетеді ең соңында жарым құсап.
Шын достық ескірмейтін жалын құшақ,
Достармен жүрген кезің жалынды шақ.
Туған жер, ата-анаң бар асылың,
Қадірле осыларды барыңды сап.
Арақ аздырады, өз көріңді өзіңе қаздырады,
Темекі тоздырады, кеудеңде құртты қоздырады.
Байлық мас қылады, адамдармен қас қылады,
Өнер мен Білім,
Тілің мен Дінің барлығынан оздырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі