Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейiн Қасым мен Хасен шешесiне:
— Апа, дәмдi қызанақ бергенiңiз үшiн сiзге рақмет! — дедi. Сонда шешесі:
— Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсiргенi үшiн бақшаға айтыңдар! — деді.
Балалар бақшаға жүгiрiп келдi де, өсіп тұрған қызанақтарға бастарын иiп, алғыстарын жаудырды.
Сонда қызанақ жапырақтары:
— Ол алғыстарыңды бiзге айтпаңдар, құнарлы қара топырақты жерге айтыңдар! — деп сыбдырлады.
Қасым мен Хасен жерге еңкейiп, бастарын иiп:
— О, мейiрiмдi Жер-ана, дәмдi қызанақ өсiргенiң үшiн көп-көп рақмет! — деп шексіз ризашылықтарын білдірді.
Жер майда қара топырағын бүлк еткiзіп, былай деді:
— Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейдi.
Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:
— Рақмет саған, жомарт бұлт! Мейiрiңе сусындаған қызанақты жеп, бiр рақаттандық! — деп айғайлады.
Бұлт игi еңбектi бағалай бiлген балаларға:
— Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстiне нұр төгiп, әлемге тiршiлiк себетiн құдiреттi күнге айтыңдар! — деді.
Екi бала қара көзiлдiрiк киiп, күнге қарады да, бар дауыспен:
— Уа, әлемге тiршiлiк берген мейiрiмдi күн! Сенiң сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәттi едi! Сол үшiн саған көп-көп рақмет! — дестi.
— Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, — дедi күн күлiмдеп тұрып. — Қызанақты дәмдi еткен — адамның еңбегi. Қызанақты отырғызып, оны баптаған адамға алғыс айтыңдар!
Қасым мен Хасен бақшаны күтіп-баптап жүрген шешесiне жүгiрiп келдi. Екеуi жарыса алғыстарын айтып шықты.
Шешесi күлiмдеп:
— Менiң еңбегiмдi бағалағандарың үшiн сендерге рақмет! Өздерің де бақшаға жемiс өсiрiп, ерiнбей-жалықпай, күтiп-баптаңдар. Ол өсiп, өнiм бередi. Еңбектерiңе жұрт сүйсiнiп, сендерге де алғыс айтатын болады, — дедi.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі