Өлең, жыр, ақындар

Сансызбай Сарғасқаев. “Тәмпіш қара” повесі

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына өз шығармаларымен қомақты үлес қосқан жазушы Сансызбай Сарғасқаев 1925 жылы облысы қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. Оның "Достар", "Бір отрядта", "Жұмбақ қыз", "Үш сурет", "Жақсы аға", "Тәмпіш қара" секілді негізінен жас жеткіншектерге арналған шығармалары көпшілік жылы қабылдаған, балалар сүйіп оқитын шығармалар қатарынан орын алған. 

Сансызбай Сарғасқаевтың "Тәмпіш қара" повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірін суреттейді.

Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап", "Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда". 

Шығарманың негізгі ойы – жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Шығарманың композициялық құрылысы мынадай:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..

Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.

Повестегі басты-басты оқиғалар:

• Шаншатайдың ауылға келуі.

• Балаларды егін басына ертіп баруы.

• Егін басындағы балалардың өнері.

• Балалардың "Октябрь балалары" газетімен танысуы.

• Баллардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.

• Шаншатайдың "доп қуу" ойынын ұйымдастыруы.

• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.

• Балалардың Теке қартпен кездесуі.

• Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.

• Ауылға радио келуі.

• Иманбектің кешірім сұрауы.

• Ауыл баларының мәдениеттілігі.

• Ауылға газет келуі.

Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады. Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін. Шаншатай – қаладан келген көзі ашық бала, ол "Октябрь балалары" деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз