Садыбекова Жанат Жанзаковна
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда. Егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.
Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілік пен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан оқушылар ұлттық тәрбие құндылықтарымен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық тәрбие беруіміз керек. Ұлттық тәрбие құндылықтар құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар.
Әлемдегi барша халықтың өкiлдерi - өз бойындағы барлық асыл қасиеттері мен құндылықтарын өскелең ұрпағының санасына сіңіруді ғұмыр бойына мақсат етіп келеді. Классикалық жазба әдебиет пен халықтық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тартымды кейіпкерлердің бойындағы ізгілік, махаббат, бақыт, өмір мен бостандық үшін күрес, әділдікті, шыншылдықты, адалдықты жақтау, елін, жерін сүю, еркіндік пен адам құқын қоғау, біріншіден әр ұлттың бойындағы бар асыл қасиет болып саналса; екіншіден ол барлық ұлттарға, бүкіл өркениетті адам баласына тән гуманистік қасиет.
Әлемнің дамыған 50 мемлекеттерінің алғы көшінен көрінуге бағытталған ұлы мұратының бірі – сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына жиған дарынды тұлғаның қалыптасуы екені анық. Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі