Елдестің ойында ойыннан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешеге қолғабысы болмайды. Ал ойын дегенде жүгіріп кетеді. Мұның ойыны шатақ ойын емес — асық ойыны. Аспанға іліп қойған асықты атып алады. Мергендігінде шек жоқ. Ертемен үйден шыққанда бір асық, бір сақамен кетеді де, кешке екі қалтасы толып қайтады. Балалар «мұның сақасы — арқардың асығы, арқардың асығы арқардың өзіндей жүйрік болады» деген секілді өсек айтады. Илануға болады, өйткені біз көріп жүрген асықтан сүйегі таза әрі салмақты.
Қаздай тізіліп тұрған асыққа дәлдеп тұрып жіберіп қалғанда, снаряд түскендей, асықтар аспанға бір-ақ ұшады, жинай бер. Ұтылған адамның ашулы болатыны белгілі ғой. Балалар: «Арқардың асығы, ойнатпаймыз. Қой асығымен ойнасын», — деп дау шығарады.
Ертеректе «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген мақал болған. Сол доп ешкімді тоздырмай-ақ, қызығып ойнайтын футбол ойынына ұласты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі