Қазақстанның экономикасы - Орта Азия елдері арасындағы ең ірі экономика. Әрине посткеңестік елдер бойынша Ресейден кейінгі орында. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс тарихқа терең бойлайды. 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi экономикалық дағдарысқа әкелген.
2023 - жылдың қаңтарындағы статистикада еліміздің экономикасы 5,6%-ға өскен. Өткен жылмен салыстырғанда жыл сайын жоғарылауда. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның экономикасының өсімі Ресей экономикасымен тығыз байланысты.
Қазақстанның Ресейге экономикалық тәуелділігі бірнеше салалардан көрінеді:
1. Сауда: Қазақстан Ресеймен сауда-саттықта үлкен көлемде жұмыс істейді. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, оның ішінде экспорт пен импорт көлемі айтарлықтай жоғары.
2. Инвестициялар: Ресей Қазақстан экономикасына инвестицияларды белсенді түрде жүзеге асырады. Ресейлік компаниялар Қазақстанда мұнай, газ, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейді.
3. Энергетика: Қазақстанның энергетикалық ресурстарының бір бөлігі Ресей арқылы экспортталады. Мұнай мен газ құбырлары Ресейдің аумағы арқылы өтеді, бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне әсер етеді.
4. Кедендік одақ: Қазақстан мен Ресей, сондай-ақ Беларусь Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде экономикалық интеграцияны дамытуда. Бұл одақ Қазақстанның Ресейге экономикалық тәуелділігін арттырады.
5. Білім және ғылым: Ресейдің оқу орындары мен ғылыми ұйымдары Қазақстан студенттері мен зерттеушілері үшін маңызды болып табылады, бұл да екі ел арасындағы байланыстарды нығайтады.
Қазақстанның Ресейге экономикалық тәуелділігі туралы нақты ресми ақпараттарға жету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Статистика агенттігі және басқа да мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан қарауға болады.
Ресей экономикасы еліміздің экономикасына айтарлықтай әсер етеді. Ресейдің Украинаны оккупацияға алуы мен халықаралық санкциялар бойынша қысым көрсетуі Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерін шығынға ұшыратты. Ресейдің астық пен қант экспортына уақытша шектеу қоюы Қазақстан нарығында теріс нәтиже берді. Біріншіден, бұл қадам осы тауарларды жеткізуді азайтып, тапшылық пен бағаның өсуіне әкелді. Екіншіден, астық тапшылығы Қазақстандағы егіс науқанына қауіп төндірді. Үшіншіден, бағаның көтерілуі Қазақстанда әлеуметтік наразылық тудырды. Салдарында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тауарлардың еркін қозғалысын қолдайтын қағидаттарын бұзды. Сондай-ақ, стратегиялық одақтастарды тәуекелге ұшыратып, екі елдің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтірді. Санкциялардан кейін көптеген ресейлік компаниялар Қазақстанға көшті. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың саны 12,7%-ға өсіп, 25 мыңға жақындады. Есепті кезеңде көрсеткіш 2400 компанияға өсті, оның 1600-і Ресейден келген. 2022 жылдың мамыр айының соңында олардың саны 13 000-ға, ал Беларусьтен эмиграцияланған компаниялардың саны 120-ға жетті. Қазақстан үкіметі санкцияларға байланысты тәуекелдерді және Қазақстанның ішкі нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі бұл компаниялар пайда әкелді.
Болашақта Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы еліміздің Ресейге тәуелділігін арттырады. Бізде бұндай достық керек пе? Сондықтан, Қазақстанның экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін біржақты шешімдерден аулақ болу керек. Өйткені, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін азайту үшін экономикалық саясатын өзгерту керек. Дәлірек айтқанда, экономикадағы импорт арналарын әртараптандыру керек. Энергетика, шикізат, қару-жарақ өнеркәсібі және ауылшаруашылығы өнімдеріне импортты Армения, Беларусь, Қырғызстан елдерімен жолға қою керек. Мысалы, Беларусь экспорттайтын 30% тауарларға ауыл шаруашылығы өнімдері жатады. Ал Армения агроөнеркәсіптік кешенде жетекші орында. Бұл экономикалық шешім Қазақстан үшін ЕАЭО аясында өз мүдделерін қорғау тұрғысынан маңызды. Себбі, ол Қазақстанның позициясын нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі