Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүние жүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе, жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады. Осының салдарынан санасы уланып, болашағына балта шабылатындары қаншама. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Өмір деген тіршілік қоршаған орта, адамның өзі өмірдің қызығы ол осы дүниені сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Өмір өз қиындықтарымен ерекше. Өмірге деген көзқарас әр адамда әрқилы. Бір күні таң нұр шапағатымен болса, келесі күні бұлтымен адамның өмірге деген ойын түзейді. Әрине, ойға бірден өмір несімен қызық деген сұрақ туындайды. Өмір екі әлемнен құралған: жамандық пен жақсылық, қуаныш пен қайғы. Адам өмірге бір рет қана дүниеге келеді, сондықтан әрбір адам өз өмірін бос өткізгісі келмейді. Біз өмірге не үшін келеміз? Менің түйінім бойыншa: сәби болып дүниге шыр етіп келеміз. Бала-бақша, одан 11 жыл мектепте оқимыз, мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсеміз. Білім аламыз, іздейміз. Қарнымыз аш қалмас үшін, жұрттан қалмай жұмыс істейміз. Біреу сүрініп жатады, біреуі өмірдің қиындығына қарамастан шыдап, алдыға қарай, ұмтылады, осының бәріне сабырмен шүкіршілік етіп, жаратушымыздың алдына бас иіп құлшылық ету емес пе өмірдің мәні. Өмірдің мәні неде? Шатасқан сұрақ, терең ойласаңыз ол анық нәрсе, ақылы бар кез-келген жанға шыдамдылық, құлшылық. Кез-келген адам қателеседі, одан ой түйеді. Ең бастысы қателескен жайды, ешқашан қайталамау, басқаларға түсіндіру. Қандай жағдай болса да ойланып істе. Қоғамда болып жатқан әдеттерге кінәлі - өзіміз. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамызды бұл түнектен арылудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Бұл іске қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы күрес бүкіл адамзаттың жұмылуы. Дені сау, жан жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Сондықтан өкінбейтіндей өмір сүрейік.
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа
Қызылорда қаласы №268 орта мектептің 9ә сынып оқушысы Абат Сағыныш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі