Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.
Жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.
Сол сәтте ойыншы: — «Ақ иығымның үстіндегі кім?» — дейді.
Інген: — «Ақбайпақ!»
Ойыншы: — «Нең жоқ?»
Інген: — «Ботам жоқ».
Ойыншы: — «ботаң көлде бетін жуып жатыр». — орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: — «ботаң шөмшек теріп жүр», — дейді. Келесі ойыншы: — «ботаң ұйықтап жатыр», — дейді. Келесі ойыншы: — «ботаң ұйықтап жатыр», — дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі: — «су бердім», екіншісі: — «бу бердім», үшіншісі: — «таяқ бердім», тағысы-тағы, солай деп… жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда ғана жаны тауып ботасын көрген інген енді кім не берді одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша інген мен ботаның рөлін басқа біреулер ойнайды.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі