Ойын көбіне жастар кешінде ойналады. Ойынға көз байлайтын бір рет орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді.
Жиналғандар қол ұстасып дөңгелене шеңбер бойында тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады. Сөйтіп ол қолындағы таяғын өзіне қарсы қарай тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да, «дауыстап – атыңды ата» – дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын бұзып дыбыс шығарады (қол ұстасып, шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзін байлаған ойыншы кімді түрткенін тауып алса, сол ойыншымен орнын ауыстырады. Таба аламаса кез-келген ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын айтады. Анықтай алмаса ойын басынан қайта басталады, осылайша қайталана береді.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Әлихан Бөкейханов
- Мұстафа Шоқай
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі