«Айгөлектің» үшінші түрі осылай аталады. Бұл ойынды да жастар ерте кезден-ақ сүйіп ойнап келген. Өйткені, әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде «мәлке-тотай» ойыны да басталып кетеді.
Жастардың түгел жиналып болғанан кейін өзара келісімдері бойынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары арақашықтығы 20-30 адымдай жердегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады.
Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: “мәлке-тотай” дейді. Бірінші жақ «кімді қалай» дегенде, екінші жақ «жаман-жаман пәленшені қалай» – деп атын айтады. Аты аталған Бектай қолып қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған баланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолып үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.
Енді «мәлке-тотай»-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі