Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.
Кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізден саған кім керек? – десе,
екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізге мұнда Бекбай керек.
Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі