Ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50м-дей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.
Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.
Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетуімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.
Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету. Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады.
Бұл ойын әр түрлі тәптіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ойынның ең онай түрі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі