Өлең, жыр, ақындар

Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару

«Жақсы басшы эмоцияны басқара біледі,                                                                         ал ұлы басшы оны шабытқа айналдырады.»

Джон Максвелл

 

Қазіргі заманда ұйымдардағы эмоциялық күйдібасқару жұмыс тиімділігін арттырудың маңыздыфакторына айналды. Эмоциялар қызметкерлердіңқарым-қатынасына, шешім қабылдауына жәнежалпы жұмыс атмосферасына тікелей әсер етеді. Ұйымдағы эмоциялық басқару – бұл эмоциялардытану, бақылау және дұрыс бағыттау арқылыұжымдағы үйлесімділікті қамтамасыз ету үдерісі.Ең маңыздысы біз бұл құнды дүниені ғылымитұрғыдан қарастырып, тереңіне үңілдік. Себебі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде«Жалпы психология», «Басқару психолоиясы» сияқты пәндер оқытылады. Асылы, «Филология» факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығыныңмагистранты ретінде «Философия жәнесаясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалыпсихология» кафедрасынан психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовнаныңбасшылығымен «Басқару психологиясы» пәніноқудамыз. Осы пән аясында эмоциялықинтеллекттің – адамның өз эмоцияларын жәнебасқалардың эмоцияларын түсіну, тану жәнебасқару қабілеті екенін меңгердік. Бұл қасиетәсіресе көшбасшылар үшін өте маңызды, себебі ол:

​•​Қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға;

​•​Қақтығыстарды тиімді шешуге;

​•​Командалық жұмысты жақсартуға ықпалетеді. Дэниел Гоулманның зерттеулері бойынша, көшбасшының эмоциялық интеллекті жоғарыболған сайын, ұйымдағы жалпы атмосфера мен өнімділік деңгейі де жоғары болады.Ұйымдағыэмоциялық күйді басқару әдістері

​1.​Қызметкерлердің эмоцияларын тану. Жұмыс барысында қызметкерлердің эмоционалдықжағдайына назар аудару маңызды. Мысалы, стрессті, мотивацияны төмендететін жағдайлардыалдын-ала анықтап, шешу қажет.

​2.​Позитивті эмоцияларды қолдау. Марапаттау жүйесін енгізу, жұмыс процесіндеқызметкерлерді мадақтау және ашық пікіралмасуды қамтамасыз ету – жұмыс орнындапозитивті эмоционалдық жағдайдықалыптастырады.

​3.​Қақтығыстарды басқару. Қақтығыскезіндегі эмоцияларды бақылау және шешімқабылдау – ұйымдағы үйлесімділікті сақтау үшінмаңызды. Мұндай жағдайларда қызметкерлергетыңдау және бейтарап шешім табуға мүмкіндікберу керек.

​4.​Стрессті азайту шаралары. Стресстібасқару үшін релаксация жаттығуларынұйымдастыру, демалыс уақыттарын тиімдіжоспарлау, жұмыс жүктемесін теңестіру маңызды.

​5.​Эмоциялық интеллектті дамытутренингтері. Қызметкерлерге және көшбасшыларғаарналған тренингтер эмоцияларды басқаруқабілетін арттырып, ұжымның эмоционалдықтұрақтылығын күшейтеді. Эмоциялардыбасқарудың артықшылықтары өте көп, атап айтар болсақ: ​​​​​Өнімділікті арттыру: Позитивті эмоциялар қызметкерлердің жұмысынамотивация беріп, өнімділіктіарттырады.​​​​​​Ұжымдықынтымақтастық: Эмоциялық тепе-теңдіккомандалық жұмыстыжақсартады.​​​​​​​​​Қызметкерлердің адалдығы: Эмоциялық қолдаукөрсетілетін жұмыс орнында қызметкерлердіңжұмысқа деген қызығушылығы артады.​​​Қақтығыстардың азаюы: Эмоцияларды басқаруқақтығыстардың санын азайтып, олардың шешілуінжеңілдетеді.​​​​​Қорытындылай келе, ұйымдағы эмоциялық күйді басқару – қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға, жұмысорнында оң атмосфераны құруға және ұйымныңжалпы табыстылығын арттыруға мүмкіндік беретінмаңызды процесс. Эмоцияларды тиімді басқаруұйым көшбасшыларының маңызды міндеті болыптабылады және ол ұйымның ұзақ мерзімдіжетістіктерінің негізін қалыптастырады.

 

 

Жубаназарова Н.С.                                                                                                     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,                                                                                 психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.                                                     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,                                                                                               1-курс магистранты Әліқұл Назерке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз