Өлең, жыр, ақындар

Фокустың барлығы осында екен ғой..

Әр күніңіз бір біріне ұқсап жүр ме? Істеріңізден нәтиже көрінбей жүр ме? Ойыңыз шашыраңқы болып жүр ме? Онда бұл сізге арналады... 

Өмір деген - бұл бізге берілген ең қымбат сый.Бірақ көбіміз оны қалай өткізіп жатқанымызға мән бермейміз.Бір күні қарап отырсаң жылдар өтіп кеткен,ал жеткен жетістігіңіз де,есіңізде қалатын ерекше сәттер де жоқ.Бұл неден болуы мүмкін? Ия,бұл фокуссыз өткен күндер...босқа жоғалған уақыттар...

Ал фокус деген не, және фокуссыз өмір қалай болады ? Осы сұрақты талдап көрейікші Фокус-бұл өмірдегі маңызды нәрсеге назар аудару. Жай ғана "бірдеңе жасап жүрмін" дегеннен гөрі, нақты мақсат қойып, соған жету үшін әрекет ету. Басқа ешбір нәрсеге алаңдамау,көңіл аудармау. Фокуссыз адам не істеп жүргенін білмей, байқамай қалады.Бір істі бастап, мақсатының ортасына келгенде екіншісіне ауысып оны да аяқсыз қалдырады.Фокуссыз өмір ол мақсаттың жоқтығы. Күндеріңіз бір-біріне ұқсап, ал болашақ туралы ойлағанда нақты жоспар да болмай қалады.Басты міндеттерді кейінге қалдыра береміз, себебі мотивация жоқ.Әлеуметтік желілерге тәуелді болып бара жатқан мына біз,көбінесе уақытымызды қажетсіз ақпаратқа жұмсаймыз.

Фокусты қалай табуға болады? Осы сұрақ көптің түйсігінде жүргені анық.. Ал әлемдік танымал журналист Опра Уинфри ол үшін былай деп кеңес береді "Тек өзің қалаған нәрсеге ғана көңіл бөл. Қалғандары өздігінен реттеледі." Ал мен бұның жауабын тапқандаймын. Сондықтан, мына бір зерттеу жұмыстарыма көңіл аударсаңыз

• Мақсат қою. Ең алдымен өмірімізде не маңызды екенін анықтау қажет. Ол үлкен армандар болуы мүмкін немесе кішкентай, бірақ маңызды қадамдар.

• Күнделікті жоспар құру керек. Бүгінгі күн, кешегіге ұқсамауы тиіс. Әр күнді мақсатқа жетуге арналған құрал ретінде қарастырып, дүйсенбіден бастаймын деген сөзді ұмыту керек. Бұл бірінші әрі соңғы сәттеріңіз сияқты қабылдап үйрену қажет.

• Артық нәрседен бас тарту. Энергияңызды босқа жұмсайтын әрекеттерден алшақ болу керек, біздің жағдайымызда әлеуметтік желілер, күндегі қыдырыс,шегі жоқ сериялдар..

• Дисциплинаның болуы маңызды. Фокус-тәртіп пен тұрақтылықтан тұрады. Барлық энергиямен бүкіл істерді 1 күнде аяқтап тастаймын, деген әңгіме де бос екенін түсіну керек. Себебі 1 күнде сол істердің барлығын жасап, кейін фокус қою деген дүние қайтадан айлап, жылдап ұмытып кетілуі мүмкін, сондықтан барлық істерді уақытқа, күнге, тіпті апта, айға бөліп қою қажет.Шындығында "Аз аздан үздіксіз" әрекет еткен адам ғана жеңіске жетеді.

Өмірді фокусты етіп өткізудің пайдасы туралы енді бір сәт ойлап көріңіз.Егер сіз фокус қоя білсеңіз, онда уақытыңызды дұрыс пайдалана аласыз әрі өмірді саналы түрде сүре алатын боласыз. Қанағатшылдық сезімі пайда болып,өзіңізге деген сенім артады.Өмірдің әр сәтінен ләззат алатын күйге де жетесіз.

Біздің ертеңіміз тек біздің қолымызда, сондықтан ертеңімізді бүгіннен және қазірден бастайық!!

 

 

 


Пікірлер (1)

hadirai

heart

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз