Өлең, жыр, ақындар

"Қазіргі таңдағы зорлық-зомбылық пен педофилия мәселесі"

    Қазіргі таңда зорлық-зомбылық,педофилия мәселесі барлық адамзаттың үлкен дерті болып тұрған ауқымды,біз үшін маңызы зор тақырыптардың бірі болып тұр.Бұл қылмыскерлердің әрекеттері адамдардың дамуын артқа тастап,психологиялық кері әсерін беретіні сөзсіз.Өзінің ләззәтін қандыру мақсатында,бұл надандар бәріне барады.Олар қоғамның дерті,өмірде қоқыс болатын адамдар.Әр елдің заңдары әртүрлі болғанымен,бұл мәселе барлық елдерде кездеседі.Сондықтанда бұл ғасырлар бойы келе жатқан үлкен қылмыстардың бірі.Зорлық-зомбылық пен педофилия мәселесінің көрсеткіштерін анықтау өте қиын болғанымен, ЮНИСЕФ-ұйымының мәлеметінше жыл сайын әлемде миллиондаған адамжыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен.Соған қоса,қазіргі кезде технология өте қатты дамыған,сондықтанда интернет педофилия мен зорлық-зомбылық ол жақтада өте қатты өршіп тұр.Жаңа технологиялардың кесірінен,жыныстық қудалаудың жаңа түрлерін туындатты.Ақш,Канада,Ресей сынды елдерде осындай қылмыстарды анықтау мақсатында арнайы киберқызметкерлер жұмыс жасайды.Зорлық-зомбылықты біз екіге бөліп қарастырсақ болады:

       Қоғамдық: кейбір елдерде соғыс болып жатқаны бәрімізге мәлім.Осындай елдердің қақтығыстарының кесірінен зорлық-зомбылық арта түседі.Мысалға:Ауғаныстандағы соғыстың нәтижесіндегі талибандардың шектен шыққан заңдары мен қыз-баласының құқығынан айыруы,”Бача-бази” секілді адам сеңгісіз салт-дәстүрлерінің бар болуы (Бача-бази-кішкентай ер-балаларды қыз кейіпінде көрсету,құлдық жөзікшілікке итермелеу),Украинадағы қақтығыстардың нәтижесіндегі елден қашқан тұрғындардың сексуалді сипаттағы іс әрекеттерге түсуі т.б.Осындай қоғамдық зомбылықтар көптеген заңы әлсіз елдерде белең алып жатыр.

       Тұрмыстық:үйдің ішінде немесе ата-заңда қалыптасып кеткен зорлық-зомбылықтың түрі.Бұл мәселе:Үндістан,Африка елдердінде көп кездеседі.Мысалға:бұл елдерде әйелдердің құқығы аса қатты қорғалмаған жәнеде көптеген әйелдер мен балалар бұл мәселені норма ретінде санайды.Африка елдерінде тіптен қыз-балаларының жыныс-мүшесін зақымдау (гениталдық мутация) мәдение ата-заңдағы дәстүр ретінде жүргізіледі.Естімеген елде көп демекші,бұл сұмдықты БҰҰ тарапынанқатаң сыңға алынып,көптеген елдерде қылмыстық жазаға тартуды дәріптеп жатыр. Әлемдік тізімге қарайтын болсақ, топ-5 орында мына елдер алып жатыр:

1.Оңтүстік Африка

2.Лесото

3.Свазиленд

4.Намибия

5.Ботсвана-елдері алып жатыр екен.Бұл елдердің барлығы Африка құрлығында орналасқан.Демек,ол жақта бұл мәселе өте сұмдық деңгейге жетті деген сөз.Қазақстан-бұл көрсеткіш бойынша 2018 жылы 1132-ересек адамдармен,231-кішкентай балалармен зорлық-зомбылық туралы фактілер анықталған.Яғни,бұл көрсеткіш еліміз үшін өте жоғары,өте ахуалды деңгейде деген сөз.2020 жылы педофилдерге “химиялық кастрация” қолданыла бастады.Оларға қарсы еліміз заңды қатаңдатты.Сондықтанда оларға ешқандай кешірім жоқ,еліміз ауыр қылмыстарға қарсы заңның мықтылығын арттыруда.

        Зорлық-зомбылық пен педофилия-тек жеке тұлғаның мәселесі емес,бұл қоғамның қасіреті.Бұл қылмыс ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан,адамзаттың қателігі.Мәселенің ашығын ашып,қылмыстың алдын алу әр адамның парызы.Біз және қоғам алдыға даму үшін,зорлық-зомбылық пен педофилияның алдын алуымыз қажет! Қылмысқа жол жоқ!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Мусабек Мерғалым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз