Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-ға қалай күйзеліссіз дайындалуға болады?

Болашақ түлекке ҰБТ-ға қалай тиімді дайындалуға болады?

11-сынып оқушысы атанған кезде мені мазалаған ең үлкен сұрақтардың бірі – ҰБТ-ға қалай стрессіз дайындалу керек. Бұл емтихан әр оқушының маңызды кезеңдерінің бірі екені бәрімізге мәлім. Сол себепті мен өзім қолданып жүрген - ең тиімді тәсілдермен бөліскім келеді.

1. Жан тыныштығы мен ой тазалығы

Біздің миымыз күйзеліс кезінде ақпаратты әлдеқайда нашар қабылдайды. Ал асығыстық ұзақ мерзімді жадыда ақпаратты сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан ең алдымен өзіңізге жайлы жағдай жасап алыңыз. Болашағыңызды елестетіп, қалаған мамандығыңызды елестеткен жөн. Мамандықты өз қалауымен таңдау - жарқын болашақ кепілі. Бұл әдіс сіздің психологиялық жағдайыңызды жақсартуға көмектеседі.

2. Нақты мақсат қою

Мақсатсыз адамның өмірі мәнсіз. Сондықтан таза ниетпен алдыңызға нақты мақсат қоя біліңіз. Армандарыңызды жүйелеп, армандар картасын жасаңыз. Бұл сіздің ойыңыз бен жан-дүниеңізді тәртіпке келтіріп, әрі қарай қадам жасауға үлкен күш беретіне сенімдімін.

3. Кішкентай қадамдармен әрекет ету

Айқын мақсатыңыз болса, оған бірден ұмтылмай, аз-аздан әрекет еткен жөн. Себебі миды шамадан тыс ақпаратпен жүктеу қалаған нәтижеңізге әкелмейді. Күнделікті жоспар құрып, тұрақты түрде дайындалу маңызды. 

4. Өз деңгейіңді анықтау

Мотивацияңызды қалыптастырып алған соң, білім деңгейіңізді тексеріңіз. Өзіңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтап алыңыз. Егер алғашқы нәтиже көңіліңізден шықпаса, бұл тек бастамасы екенін ұмытпаған жөн. Содан кейін өзіңізге қажетті баллды есептеп, оған жету үшін қанша уақытыңыз бар екенін белгілеңіз. Мысалы, бір ай ішінде "белгілі бір кітапты оқып шығу" дегендей нақты мерзім қойылу қажет. Егер тұрақтылықты сақтау қиын болса, сізді алға жетелейтін достарыңызбен бірге дайындық тиімді болады.

5. Жүйелі жоспар – сәттіліктің кепілі

Жоспарлау арқылы сіз өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды анықтап, олармен жұмыс істей аласыз. Белгілі бір күндерге нақты тапсырмалар қойып, оларды орындап отыру – нәтижеге жетудің кепілі.

6. Арманыңнан бас тартпа!

Кейде сіздің таңдауыңызға өзгелер қарсы болуы мүмкін. Мысалы менің де таңдауыма жақындарым қарсы болды. Бірақ мен шебер түсіндіруіп қоймай, өз мамандығымның жақсы тұстарын айтудан шаршамадым. Егер сүйген мамандығымды таңдасам, қандай белестерге жете алатынымды көрсеттім. Сондықтан еңбегіңіз қанша ауыр болса, жемісі сонша тәтті болатынын ұмытпаңыз. Егер шаршап қалсаңыз, демалыңыз, бірақ мақсаттан бас тартпаңыз. Ең бастысы –  өзіңізге деген сенімділік пен тұрақтылықты сақтап, болашақ арманыңызға адал болу.

Құрметті болашақ түлек, алдағы үлкен белестерді бағындырып, өз арманыңа жетуге тілектеспін!

Атырау қаласы

№ 15 Абай атындағы орта мектеп

Марат Нұрай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар