Николас Джеймс Вуйчич - австралиялық мотивациялық оратор, жазушы және меценат. Ол сирек кездесетін тетрамелия синдромымен дүниеге келген, бұл ауру қол-аяқтың болмауымен сипатталады. Соған қарамастан, Ник өзінің өмірін өзгелерге шабыт беруге арнады. Жалпы осындай кісілерден үлгі алуымыз керек.Өзінің денсаулығына қарамастан өмірге деген талпынысы таңғалдырады.Мен осы кісіге қарап жалқаулық деген нәрсені ұмытады.
Бұл кісінің өмірбаяны келетін болсақ.Балалық шағы қиын өтті себебі ол басқа балалардан өзгеше болған.
Ник Вуйчич 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Мельбурн қаласында серб отбасында дүниеге келді. Тетраамелия синдромымен туылғандықтан, балалық шағында көптеген қиындықтарға тап болды. 10 жасында ол өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, бірақ ата-анасының қайғысын елестетіп, бұл ойынан бас тартты. 21 жасында Брисбендегі Гриффит университетін бухгалтерлік есеп және қаржылық жоспарлау мамандықтары бойынша тәмамдады.
Карьерасы және жетістіктері.Бұл кісіде жетістіктері жетерлік өзі Жазушы,оратор.
1999 жылдан бастап Ник шіркеулерде, мектептерде, түрмелерде және балалар үйлерінде мотивациялық дәрістер оқи бастады. Ол «Шекарасыз өмір» (Life Without Limbs) қайырымдылық ұйымын құрды, оның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету. Ник әлемнің 70-тен астам елінде болып, миллиондаған адамға шабыт берді. Оның «Шекарасыз өмір» (Life Without Limits) және «Тоқтаусыз» (Unstoppable) сияқты кітаптары көптеген тілдерге аударылған.
Жеке өміріне келетін болсақ.
2012 жылы Ник Канаэ Мияхара есімді қызбен отбасын құрды. Қазіргі уақытта олардың төрт баласы бар. Никтің айтуынша, отбасы оның өміріндегі ең үлкен қолдау көзі болып табылады.
Ник Вуйчич Қазақстанға бірнеше рет келіп, мотивациялық дәрістер оқыды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Победитель лени. Жизнь без границ» атты мастер-класста сөз сөйлеп, қазақстандықтарға өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесіп, оған қолдау көрсетті.
Ник Вуйчичтің өмірі мен қызметі көптеген адамдарға қиындықтарды жеңуге және өмірге деген құштарлықты арттыруға шабыт береді.
Айша
Ник Вуйчич мықты тұлға