Өлең, жыр, ақындар

Табиғи апаттар және түрлері мен салдары

Бұл апаттар адамның әрекетіне байланысты болмайды,бірақ олардың жиілігі мен ауырлығы климаттың өзгеруі,ормандардың жойылуы,жердің деградациясына және басқа да экологиялық факторлармен күшейтіліуі мүмкін.Олардың әсері жергілікті тұрғындардың өміріне,мемлекеттік экономикаға,экосистемаға және биоалуантүрлілікке үлкен зардабын тигізеді.

1.Жер сілкінісі

 

Жер сілкінісі-жердің қыртысында кенеттен пайда болатын қозғалыстар мен тербелістер.Бұл табиғи апат көбінесе жер қыртысындағы тектоникалық плиталардың (тақталар) қозғалысы нәтижесәнде пайда болады.

Себептері-1.Тектоникалық плиталардың қозғалысы.

                  2.Сейсмикалық белсенді аймақтарда жанартаулардың атқылауы.

                  3.Су асты жер сілкіністері мен жерасты жарылыстары.

Салдары-1.Үйлер мен ғимараттардың қирауы.

                 2.Инфрақұрылымдардың қирауы.

                 3.Адамдар мен жануарлардың құрбан болуы.

                 4.Энергетикалық жүйелердің бұзылуы.

                 5.Қоғамның психологиялық күйзелесі.

Осы салдарға сүйене отырып бір мысал келтірсек.Мысалы 2010 жылдың 12 қаңтарында Гаитиде 7.0 магнитудалы жер сілкінісі орын алған болатын.Бұл жер сілкінісі елдің астанасы Порт-о-Принс қаласына жақын орналасқан аймақта болған тұғын.Гаити әлі толық дамымаған,экономикалық тұрғыдан әлсіз ел кезі еді,бұл жер сілкінісі салдары өте ауыр болған еді.Негізгі себептері Кариб теңізімен Солтүстік Америка плиталарының қиылысында орын алған тектоникалық қозғалыс және Гаити жер сілкінісі аймағында сейсмикалық белсенділік жоғары деп анықтаған болатын.Салдарына тоқталсақ 230000-нан астам адам қаза тапты.1 миллионнан астам баспанасыз қалды.Эпидемиялар мен гуманитарлық дағдарыстың басталуына әкелген болатын.Әрине бұл тек бір ғана мысал,бұндай табиғи апаттан әлемде жылда қаншама елдер зардап шегуде,бұл табиғи құбылыс болғандықтан біздер тоқтата алмаймыз.Тек алдын алу шараларын толық қамтамасыз ету ғана қолымыздан келеді.

2.Цунами 

Цунами-бұл су асты жер сілкінісі немесе вулкандық белсенділік нәтижесінде пайда болатын алып су толқындары.Бұл құбылыс жағалаудағы елдер үшін өте қауіпті болып табылады.

Себептері-1.Су асты жер сілкіністері.

                  2.Су асты вулкандық жарылыстар.

                  3.Метеориттердің теңізге соғыуы.

Салдары- 1.Жағалаудағы аймақтарды су басуы.

                  2.Үйлер мен инфрақұрылымдардың толық жойылуы.

                 3.Құрбандар мен зардап шеккен адамдар санының өсуі.

                 4.Ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығының бұзылуы.

Мысалы 2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында болған 9.1 магнитудалы жер сілкінсі мен оның нәтижесінде пайда болған цунами әлемді дүр сілкіндірді.Бұл апат әсіресе Индонезия,Шри-Ланка-тайланд және Үндістан сияқты елдерде үлкен жойқын әсер қалдырды.Салдарынан 300 000-нан астам адам қаза тапты.Жағалауындағы ауылдар мен қалалар толығымен қирады.Табиғи экожүйелер,әсіресе теңіз тіршілігі мен жағалаудағы ормандар зардап шекті.Экономикалық шығындар миллиард доллармен өлшенген болатын.От пен су тілсіз жау деп бекер айтымағанына дәлел десемде болады.

3.Торнадо (Дауыл)

Тарнадо-атмосфералық қысымның айырмашылығы мен күшті дауылдар нәтижесінде пайда болатын табиғи апат.Бұл апаттын ерекшелігі оның өте күшті айналу әрекеті.

Себептері-1.Атмосфералық қысымының күрт өзгеруі.

                  2.Суық және жылы ауа массаларының әсері.

                  3.Әсіресе тропикалық аймақтардағы циклондық белсенділік.

Салдары-1.Қатты желдер мен бұрқасындар.

                 2.Құрбандар мен жарақат алған адамдар.

                 3.Үйлер мен құрылымдардың зақымдануы.

                 4.Экономикалық шығындар мен табиғаттың өзгеруі.

Мысалы 2005 жылы АҚШ-тың оңтүстік аймағында болған Катрина дауылы Нью-Орлеансты және оның айналасындағы аймақты қатты зақымдады.Бұл дауыл әлемде ең қымбат табиғи апаттардың бірі болды.Дауылдың себептері Атлант мұхитында қалыптасқан тропикалық циклон,кейін дауылға айналды деседі және жағалаудағы қорғаныс бөгеттерінің бұзылуыда бұл апатқа жол берді.Апат салдарынан 1800-ден астам адам қаза тапты,1 миллионан астам адам үйсіз қалған.Қаладағы инфрақұрылымның 80%-ы зақымдады.Экономикалық шығын 100 миллард доллардан асты деп топшыланды.Сол себептен еғ қымбат табиғи апат деп аталып кеткен екен.

4.Өрттер

Өрттер-табиғи және антропогендік себептермен орнауы мүмкңн.Ормандардағы және далалардағы өрттер жиі кездеседі,олар адамдардың абайсыздығынан немесе табиғи факторлардан туындауы мүмкін.

Себептер-1.Құрғақшылық,ыстық ауа райы.

                 2.Найзағай мен басқада табиғиқұбылыстар.

                 3.Адамдардың табиғатты қорғау ережелерін бұзуы.

Мысалы Австралиядағы орман өрттері әлемде ең үлкен экологиялық апаттардың бірі ретінде танылды.2019 жылдың қараша айында басталып,2020 жылдың ақпанына дейін жалғасқан бұл өрттер Австралияның оңтүстік-шығыс аймақтарын,әсірезе Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штаттарын қатты зақымдады.Өрттер шамамен 18 миллион гектар жерді өртеп,3 мыңға жуық үйлерді жойды.Өрттің себебі негізінен құрғақшылық,қатты желдер мен адам әрекеттері болды.Бұл апат кезінде кем дегенде 33 адам қаза тауып,миллиондаған жануарлар өмірін жоғалтты.

5.Су тасқыны (Тасқын)

Су тасқыны-өзендер мен көлдердің деңгейі көтеріліп,олардың арнасынан шығыуы.Бұл құбылыс жиі жауын-шашынның көп тұсуі немесе қардың тез еруі нәтижесіндеболады.

Себептері-1.Қардың ерігіштігі және күшті жауын-шашын.

                  2.Су қоймаларының қабілетсіздігі немесе олардың бұзылуы.

                  3.Құрылыс салу мен табиғат қорғау шараларының дұрыс жүргізілмеуі.

Салдары-1.Үйлер мен инфрақұрылымдардың су астында қалуы.

                 2.Су ресурстарының ластануы.

                 3.Жерлердің эрозияға ұшырауы.

Мысалы 2010 жылы Пәкістанда ең үлкен табиғи апаттардың бірі ретінде су тасқыны орын алды.Бұл апат жыл сайынғы монсун жаңбырларының салдарынан және төменгі аймақтардағы өзендердің тасуынан туындады.Пәкістанда шілде айының ортасында басталған монсун жаңбырлары аймақтың солтүстік-батыс аймақтарынан бастап тасқынға әкелді.Нәтижесінде Инд өзені мен оның тармақтары,сондай-ақ басқада кішігірім өзендер арасынан шығып,аймақтың үлкен бөлігі су басты.Су тасқыны салдарынан кем дегенде 20 миллион адам зардап шекті,және оның салдарынан көптеген ауылдар мен қалалар қатты зақымдады.

Қорытындылай келе табиғи апаттар-экологиялық және экономикалық тұрғыдан ауыр зардаптар тудыратын құбылыстар.Олардың салдарын азайту үшін алдын алу шараларын әзірлеу,табиғаттың өзгерісін болжау және табиғатты қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу маңызды.Осы апаттармен күресу үшін бүкіл әлемдік қоғамдыстықтың бірігіп әрекет етуі қажет.

 

 


Пікірлер (1)

Айша

аман болайық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз