Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тұлғаларының толық және шын есімдері

Керей хан — Қазақ хандығын құрушылардың бірі. Толық есімі Ахмед Керей хан. (басқарған жылдары 1465−1474).

Жәнібек хан — Қазақ хандығын құрушылардың бірі. Шын есімі Абу Саид. (басқарған жылдары 1474−1480).

Есім хан — толық есімі Ес-Мұхаммед. Қазақ хандығын 1598−1628 жылдары басқарды.

Салқам Жәңгір хан — шын есімі Жаһангер. Қазақ хандығын 1643−1652 жылдары басқарды.

Тәуке хан — тәуелсіз Қазақ хандығынын соңғы ханы. Толық есімі — Тәуекел Мұхаммед Ғази Баһадүр. Басқарған жылдары 1680−1718.

Қайып хан — толық есімі — Қайып Мұхаммед. Қазақ хандығын 1715−1718 жылдары басқарды.

Әбілқайыр хан — толық есімі Әбілқайыр Мұхаммед Ғази Баһадүр, кіші жүздің алғашқы ханы. Басқарған жылдары 1718−1748.

Сәмеке хан — шын есімі Шахмұхаммед, орта жүздің алғашқы ханы (1719−1734).

Абылай хан — шын есімі Әбілмансұр, орта жүздің ханы. (1771−1781).

Нұралы хан — толық есімі Нұрмұхаммедали Ғази Баһадүр, кіші жүздің екінші ханы (басқарған жылдары 1748−1786).

(Ғази сөзі «Дін жолындағы соғысқа қатысушы адам» деген мағынаны береді).

Абай Құнанбайұлы — шын есімі Ибраһим.

Сәкен Сейфуллин — шын есімі Сәдуақас (Сад бин әби Уаққас деген сахаба есімінің қысқартылған түрі).

Оқуға кеңес береміз:

Тәуке хан Жәңгірұлы

Абайдың қара сөздері (1-45) (01-қара сөз)

Керей хан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Нұрсұлтан

«Қазақ тұлғаларының толық және шын есімдері» деген мақаланы оқып, көп нәрсе білдім. Біз күнделікті өмірде Абылай хан, Абай, Сәкен деп атаймыз, бірақ олардың шын есімдері мүлдем басқа екен! Мысалы, Абылай ханның шын есімі Әбілмансұр екен, ал Абайдың шын есімі – Ибраһим. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі Сәдуақас болып шықты.

Пікір қалдырыңыз