АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан өтетін әлем чемпионатына дайындықты өзі қадағаламақ. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына дайындықты үйлестіру үшін Ақ үйде президент арнайы жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды. Жұмыс тобын Трамптың өзі басқарады, ал елдің вице-президенті оның орынбасары қызметін атқарады. Сондай-ақ жұмыс тобының құрамына Ақ үй қызметкерлері де енеді.
“Мундиальдың Америкада өтуі – үлкен мәртебе”, – деді Трамп. Оның айтуынша, бұл чемпионат АҚШ-тың 250 жылдығымен тұспа-тұс келеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады. Жарыс ойындары 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Маратұлы Димаш
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі