Мені тамсандырған тұлға
Алаштың асыл перзенті, елінің еңсесін тіктеуге өмірін арнаған ұлы тұлға, қайсар ақын, жалынды көсемсөз шебері-Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай жазылған ойтолғам.
«Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын»
(Ә.Бөкейхан)
Батыс елдеріндегі танымал тұлғаларға қызығушылық танытып, тіпті оларды “кумир” ретінде көреміз. Алайда өзіміздің тарихымыздың тереңіне үңілсек, XX ғасырдың нағыз кумирлері өз ұлтымыздың өкілдері болғанына көз жеткіземіз. Қазақ халқын қалың ұйқыдан оятып, азаттыққа, білімге, өркениетке жетелеуге бар күш-жігерін салған тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы. Сол бір кеңес дәуірінің қилы заманындағы қиындықтарына қарамастан, халық арасында “Оян Қазақ” деп ұран тастаған дарабоз. 1909 жылы Қазан қаласында “Оян, Қазақ!” басылып шыққан уақыттан бастап, қазақ халқының рухани өмірінде үлкен сілкініс басталды. Бұл жай ғана жыр жинағы емес, бұл – халықтың санасына сәуле түсірген, жігерін жанып, арманын оятқан ұлы үндеу. Патша үкіметінің қысымына, қауіпіне ұшырау алдында болғанымен де, Міржақып Дулатұлы ұстанымынан айнымады, жүрегіндегі ұлттық намыс оттын өшірмеді. Сол уақыттан бері Міржақып Дулатұлы тек ақын емес, халқының шын жанашыры, ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған рухани көсем ретінде танылды.
Міржақып Дулатұлының қаламынан туған әрбір туынды - ұлт тағдырының айнасы. Алаш көсемсөзі 20 ғасырдағы қазақтың басына туған әр қиыншылықты, әр қараңғы күнің , әр өткір мәселені ұлттық мүддені қорғау мақсатында насихаттаудан тайынбады. Ұлттың келешегіне жол ашу мақсатын көздеген “Қазақ” газетінің биіктен көрінуі - Міржақыптың еңбегі. Міржақып Дулатұлының ашаршылық, жер мәселесі, дін мен мәдениеттің нашарлауы және мүлікті тәркілеу жайлы жүрекжарды мақалалары, азаттықты аңсаған елдің үніне айналды.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Көсемсөздері мен мақалалары ел ішінде білім мен жаңашылдықтың лебін әкелді. Дулатұлының қаламы- қаруы, ал ойы - ұлт болашағы үшін күресі.
Міржақып Дулатұлының тарихи есімі тек қоғам қайраткері ретінде шектелмей қазақ прозасының негізін қалаушылардың бірі ретінде елге мәлім. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен басылып шыққан туынды қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Бұл роман - қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігінің мен әлеуметтік әділетсіздіктің ащы көрінісін айқындай келе, ұйқыда жатқан саналарды селт еткізіп, еркіндікке ұмтылуға үндеген. Ескілік пен жаңа заманның арасындағы қақтығыс, жеке адамның үшін күрес пен қатал қоғамның шеңгелі – барлығы осы шығармада шебер суреттелген. Міржақып Дулатұлы бұл шығарма арқылы ғасырлар бойы қатып қалған қасаң түсініктерден арылуға шақырды. Қараңғылықтың қамауында қалған жұртына шамшырақ іспетті болды.
Зұлмат замандардың ызғары өз ұлтының бақыты үшін күрескен ұлы тұлғаның тағдырына да көлеңке түсірді. Өз дәуіріндегі озбырларды әшкерелеген үшін Міржақып 1935 жылы жазалау лагеріне жіберліп, онда ауыр науқастан көз жұмды. Кеңес билігінің қатыгез саясаты да, Міржақыптай асыл ерді аямады. Тағдыр соққысын көрген Міржақыптың рухқа толы жалын жырлары ел есінде мәңгі жаңғыра бермек.
Мен үшін Міржақып Дулатұлы – тек тарих қойнауында қалған есім емес. Ол – алашым деп соққан жүректердің мәңгілік шамшырағы, ұлт тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға.Бүгінгі тәуелсіз еліміз – сол арыстардың арманынан туған асыл мұра.
Актуреева Асель
Алматы қаласы, №58 ЖББМ 11 А сынып оқушысы
Шығармашылық жетекшісі: Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ доценті Әбдіжәділқызы Жидегүл
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі