Эверест - әлемнің ең биік шыңы. Жыл сайын көптеген кәсіпқой альпинистер мен экстрим әуесқойлары таудың шыңына шығуға тырысады. Әлем фотографтары да шыңның сұлулығы мен ұлылығын суреттері арқылы көрсетуде.
Эверест шыңы Гималайда орналасқан. Оңтүстік шыңы Непал мен Тибет автономды ауданының (Қытай) шекарасында, ал басты және солтүстік шыңдары Кытай аумағында орналасқан.

©Konstantinos Vasilakakos
Эверест — таудың ағылшынша аты, тибеттің байырғы халқы шыңды Джомолунгма деп атаған («желдің әміршісі немесе иесі»).

©Helen Filatova

©Yuanzong Wang
Шың Гималайды зерттеген британ тобының жетекшісі полковник Джордж Эвересттің құрметіне аталған.

©Mikhail Vinnikov

©Gloomy One
Эверестті бағындырған жасы ең үлкен адам 80-де болған. Ал ең жас альпинист 13 жасар жеткіншек.

©Anton Ermachkov
Эвересттің ең биік нүктесінде оттегіні қалыпты жағдайдан үш есе аз жұтасыз. Оған себеп ауа қысымының төмен болуы.

©Maurizio Zuan

©Xu Graf

©Arsenii Gerasymenko
Түнде жұлдыздар толы аспан мен биіктеп тұрған айбарлы Эверест шыңының үйлесімін сөзбен жеткізу қиын.

©Coolbiere. A.
Континенттік тақталардың жылжуларына байланысты тау өсуде. Жыл сайын ол 4мм өседі.

skiy

Машан огыг Кандай ендик екени керек
Маған географиялық координатасы керек.
Өтінем тауып беріңізші
Эверест тауының географиялық координаттары - 27°59′17″ с.е. (солтүстік ендік) 86°55′31″ ш.б. (шығыс бойлық)
Эверест шыңының биіктігі
Биіктігі қанша
Джомолунгма, Эверест немесе Сагарматха — жер бетінің ең биік шыңы, биіктігі 8848 м.
маған эвэрест тауының неше метр екенін айта аласыздар ма?
8848 м метр деп тұр ғой
Гималай тауы түзілу тегі бойынша.....
Маған Эверест шыңы туралы тағы да мәліметтер керее
Эверест шыңының биіктігін тауып беріңізші өтініш
гималай мен эверест бир тау ма?