Корейская косметика премиум класса

Эверест (Джомолунгма)

Эверест - әлемнің ең биік шыңы. Жыл сайын көптеген кәсіпқой альпинистер мен экстрим әуесқойлары таудың шыңына шығуға тырысады. Әлем фотографтары да шыңның сұлулығы мен ұлылығын суреттері арқылы көрсетуде. 

Эверест шыңы Гималайда орналасқан. Оңтүстік шыңы Непал мен Тибет автономды ауданының (Қытай) шекарасында, ал басты және солтүстік шыңдары Кытай аумағында орналасқан.

©Konstantinos Vasilakakos

Эверест — таудың ағылшынша аты, тибеттің байырғы халқы шыңды Джомолунгма деп атаған («желдің әміршісі немесе иесі»).

©Helen Filatova

 

©Yuanzong Wang

Шың Гималайды зерттеген британ тобының жетекшісі полковник Джордж Эвересттің құрметіне аталған.

©Mikhail Vinnikov

 

©Gloomy One

Эверестті бағындырған жасы ең үлкен адам 80-де болған.  Ал ең жас альпинист 13 жасар жеткіншек.

©Anton Ermachkov

Эвересттің ең биік нүктесінде оттегіні қалыпты жағдайдан үш есе аз жұтасыз. Оған себеп ауа қысымының төмен болуы.

©Maurizio Zuan

 

©Xu Graf

 

©Arsenii Gerasymenko

Түнде жұлдыздар толы аспан мен биіктеп тұрған айбарлы Эверест шыңының үйлесімін сөзбен жеткізу қиын. 

©Coolbiere. A.

Континенттік тақталардың жылжуларына байланысты тау өсуде. Жыл сайын ол 4мм өседі.

skiy


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз