Өлең, жыр, ақындар

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады» дейді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Наиля

Маған жпзғы саяхат туралы өлең қажет чтоб мәнердеп аитуға

Seidigalymova

Жасанды интеллект және қазақ журналистикасы

 

Ақпарат пен технология дәуірінде журналистика да жаңа бағыттарға бет бұрып, сандық серпілістің ықпалымен күрделі өзгерістерді бастан кешіп отыр. Бұған ең алдымен жасанды интеллект себепші болды. ChatGPT, Bard, Jasper AI сияқты жүйелер жаңалықты автоматты түрде құрастырып, ауқымды деректерді санаулы минутта талдап, аудиторияға жедел әрі құрылымды ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл – бұрын мүмкін емес саналған үдеріс. Алайда, дәл осы мүмкіндіктер журналистиканың болашағына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр: ЖИ – журналистің сенімді көмекшісі ме, әлде маман иесін алмастыратын қауіп пе?

    Жасанды интеллекттің әлеуетін әлемдік медиа нарығы әлдеқашан байқап, қолданысқа енгізіп үлгерді. Bloomberg, The Washington Post және Reuters секілді алпауыттар дерекке негізделген жаңалықтарды жасау барысында алгоритмдерге сенеді. Қазақстандық IT сарапшысы Тимур Бектұрдың айтуынша, ЖИ адам эмоциясын, астарлы мағынаны толық түсінбеуі мүмкін, алайда ол логика мен құрылымды мәліметтерде адамнан асып түседі. «Жасанды интеллект журналист үшін қосымша құрал бола алады. Ол қарапайым деректерді талдауға уақыт жоғалтпай, зерттеуге және оқиғаға терең үңілуге мүмкіндік береді», – дейді ол. Сонымен қатар медиа сарапшы, медиатренер Назгүл Қожабек ЖИ-дің редакциялық процестегі рөлін жоғары бағалайды. Оның айтуынша, «мәтіндерді жылдам түзету, грамматикалық қателерді реттеу, бейтарап формулировка жасау – осының бәрі ЖИ-дің көмегімен тиімді атқарылады. Бірақ бұл құрал – редактор мен журналистің орнына емес, жанына тұруы тиіс».

      Дегенмен, барлық технологиялық жетістіктермен қатар, сын-қатерлер де қатар жүретіні сөзсіз. Ең әуелі фейк ақпарат мәселесі. ЖИ кейде шындыққа сәйкес келмейтін, жалған немесе манипулятивті мәліметтерді негізге ала отырып, жалған контент жасап шығара алады. Журналист Асылхан Мамашұлы осыны ескертіп, «контексті, мәдениет пен әлеуметтік реңкті түсіне алмайтын алгоритмге толық сенуге болмайды» дейді. Оның пікірінше, кез келген мәтіннің мағынасы мен шынайылығы – адам санасына тәуелді. Сонымен қатар, жасанды интеллект журналистиканың кәсіби өрісіне қауіп төндіретіні де айтылып жүр. Журналистика теориясы мен практикасында 20 жылдан астам тәжірибесі бар профессор Жидегүл Әбдіжәділқызы бұл мәселені былай түсіндіреді: «Автоматтандыру белгілі бір кезеңде репортаж, шолу, қысқаша хабарламалар сияқты жанрларды жеңілдетуі мүмкін. Бірақ терең зерттеу, сараптама, пікір беру – бұл тек адамның қолынан келетін іс. Егер ЖИ бұл салаларды басып озса, онда біз журналистиканың қоғамдық қызмет рөлінен айырылып қалуымыз мүмкін».

        Жасанды интеллектті қолдану барысында туындайтын ең өзекті мәселе – құқық пен этика. Авторлық құқықты бұзу, дереккөзді көрсетпеу, дербес мәліметтерді заңсыз пайдалану – бәрі журналистиканың беделіне көлеңке түсіруі ықтимал. Заңгер Жаслан Мәдиев: «Жасанды интеллект заңдық тұрғыда жауап бере алмайды. Сондықтан оны пайдалану кезінде шешім қабылдайтын жауапты тұлға – адам болуы керек. Ал мемлекет арнайы ережелер мен стандарттар әзірлеу арқылы бұл технологияны реттеп отыруы тиіс», – дейді. Бұл пікірді «Айқын» газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы да қолдайды: «Біз жасанды интеллектті жау көрмеуіміз керек. Ол – мүмкіндік, бірақ оны бақылаусыз қолдану – қауіп. Ақпаратты шынайы жеткізу – адам баласының миссиясы».

      Жасанды интеллект – журналистикаға серпін беретін озық технология. Алайда ол шығармашылықты, адамгершілікті, интуицияны алмастыра алмайды. Журналистиканың басты құндылығы – сенім мен шындық, ал оларды тек адам қамтамасыз ете алады. Сондықтан болашақта ЖИ мен журналистің арасындағы байланыс – бәсекелестік емес, әріптестік болуы тиіс. Екі жақ та өз миссиясын нақты түсініп, бір-бірін толықтырғанда ғана қоғамға сапалы, шынайы ақпарат жетеді. Бұл жолда ең бастысы – тепе-теңдік, кәсібилік және этика.

 

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 2- курс студенті Сейдигалымова Жалын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз