астарға арналған бизнес идеялар
Бүгінде жастар тек білім алып, жұмыс табумен шектелмейді. Олар өз армандарын жүзеге асырып, кәсіпкерлікке бет бұра бастады. Ең кереметі – бизнес бастау үшін үлкен қаражат немесе арнайы білімің болмауы да мүмкін. Бастысы – идея мен іс-әрекет. Ендеше, жастарға арналған қарапайым әрі табысты бизнес идеялармен таныс болайық.
1. Әлеуметтік желі менеджері
Instagram, TikTok, Telegram сияқты платформаларда мыңдаған бизнес парақшалар бар. Көп кәсіпкерлер өз парақшаларын жүргізуге уақыты болмағандықтан, SMM менеджерлер жалдайды. Егер сенде креатив, мәтін жазу немесе визуал жасау қабілеті болса, бұл салада табыс табуға болады.
Қалай бастауға болады?
Тегін курстардан оқып алу
Өз парақшаңда үлгі ретінде жұмыс жасап көрсету
Клиенттерге қызмет ұсыну
2. Қолөнер немесе handmade өнімдер
Егер сен зергерлік бұйымдар, сабын, свеча, киім немесе аксессуар жасаумен айналыссаң – бұл хоббиіңді бизнеске айналдыруға болады. Қазір экологиялық әрі қолмен жасалған өнімдерге сұраныс жоғары.
Сату платформалары:
Kaspi.kz
OLX
Instagram, TikTok
Жәрмеңкелер мен көрмелер
3. Репетиторлық немесе онлайн курс жүргізу
Егер сен белгілі бір пәннен мықты болсаң (мысалы, математика, ағылшын, қазақ тілі), онда репетитор болып табыс табуға болады. Онлайн форматта Zoom немесе Google Meet арқылы сабақ өткізу тиімді.
Қосымша идея:
Mini онлайн курс жасау
YouTube немесе TikTok арқылы кеңес беру
«Q&A» арқылы аудитория жинау
4. Фото және видео түсіру қызметі
Камераң болса немесе смартфонмен жақсы түсіре алсаң – фото-видео қызметі үлкен сұраныста. Туған күн, той, бітіру кеші, Instagram контенті – мұның бәрі жастар арасында сұранысқа ие.
Қандай қызмет ұсынуға болады?
Контент түсіру (Instagram, TikTok)
Монтаждау
Сторителлинг жасау
5. Дәмді тағам немесе сусын сату
Ас дайындауға қызығатын жастар үшін – фуд-бизнес жақсы мүмкіндік. Үйде жасалған тәттілер, бургер, салат, коктейль – барлығы да Instagram арқылы сатылуы мүмкін.
Идеялар:
Ас мәзірі жасап, алдын ала тапсырыс қабылдау
Жеткізу қызметін қосу
Студенттерге бағытталған жеңіл бағалы мәзір
6. Dropshipping — инвестициясыз онлайн дүкен
Бұл жүйеде сен тауарды өзіңде сақтамайсың. Клиент тапсырыс береді, сен өндірушіге жібересің, ал жеткізуді компания өзі жүзеге асырады. Жастар үшін инвестициясыз бизнес бастаудың бір жолы.
Қажет құралдар:
Instagram/Telegram парақша
Сайт немесе тапсырыс формасы
Сенімді жеткізуші табу
Қорытынды
Бизнес бастау үшін миллиондаған қаражат немесе офис қажет емес. Қарапайым идея + табандылық + интернет болса, жастар кез келген нәрседен кәсіп шығара алады. Ең бастысы – батылдық пен тұрақты даму. Бүгін кішкентай идеямен бастасаң, ертең ол үлкен бизнеске айналуы мүмкін.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі