Электрондық темекінің зияны

Басты бет / Денсаулық / Оқушылардың өзге жұмыстары / Электрондық темекінің зияны

Электрондық темекінің зияны — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — #Жастар #электронды #сатушы — осы тақырыптарға байланысты.

Қазіргі таңда электрондық темекі (вейп) жастар арасында кеңінен таралып отыр. Осыған байланысты әлемдік ғалымдар бұл құрылғының адам денсаулығына тигізетін кері әсерін зерттей бастады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 14 жастан асқан балалардың 40 пайызы вейп тұтынады. Өкінішке орай, бұл құрылғыны сатушылар саны күн санап артып келеді. Көптеген оқушылар дүкендерге кіріп, вейпті еркін сатып алуда. Оның бағасы шамамен 2200 теңгеден басталады. Қолданушылар бұл «сиқырлы» затқа алғашында қызығушылықпен қарап, кейін оған тәуелді болып қалады.

Ресейлік ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, электрондық темекінің құрамында мынадай заттар бар:

    •    62% — пропиленгликоль (тұтқыр консистенциясы бар түссіз сұйықтық — PG),

    •    35% — глицерин (тәтті дәмі бар үш атомды спирт — VG),

    •    3,6% — никотин (улы алкалоид),

    •    4% — хош иістендіргіштер.

Пропиленгликоль ағзада тәуелділік туғызады, иіс сезу қабілетінің нашарлауына, өкпе ауруларының дамуына және аллергиялық реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Вейп тек оны қолданушыларға ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиян келтіреді. Яғни, түтін құрамындағы никотин шылым шегетіндерге қарағанда, қасындағылардың денсаулығына одан да қауіпті болуы мүмкін.

АҚШ-та вейп қолдануға байланысты 530-дан астам өкпе ауруы тіркелген. Ауырғандардың жартысынан көбі — 25 жастан кіші жастар. Өлім жағдайларымен қатар, комаға түсу мен мүгедектікке ұшырау деректері де кездеседі. Иллинойс штатында тұратын Адам Хергенредер есімді жасөспірімнің өкпесі дәрігерлердің айтуынша, 70 жастағы адамның өкпесіне ұқсайды. Оның вейп шегіп жүргеніне небәрі бір жарым жыл болған.

Қазақстанда 2024 жылдың 20 маусымынан бастап вейпке заңмен тыйым салынды. Қылмыстық кодекске 301-1-бап енгізілді. Бұл бапта шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату үшін келесі жаза түрлері қарастырылған:

    •    200 айлық есептік көрсеткішке дейін (2024 жылы — 738 400 теңге) айыппұл салу,

    •    сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту,

    •    200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу.

 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әлімхан Темірбекұлы 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Жанна

Өте пайдалы мақала

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Электрондық темекінің зияны деген не?

Бұл бетте Электрондық темекінің зияны тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Электрондық темекінің зияны материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар #Жастар #электронды #сатушы тақырыбындағы материалдар iskakovaaziza761 жариялаған басқа материалдар