Өлең, жыр, ақындар

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтор - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Сонымен қоса ғаламтор қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының бірі және адамдар өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қоғамдық сананың қалыптасуына көп әсер етуде. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігін алып отыр. Ғаламтор жаңа қарым-қатынас құралы ретінде күнделікті өмірімізге еніп отыр. Сонымен қатар қалыпты байланыс құралдарға (почта, телефон), ақпарат көздеріне (баспасөз, БАҚ, теледидар) бәсекелестік жасап, оларды алмастырып отыр. 60-жылдардың аяғында, ХХІ ғасырдағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары сияқты, ғаламдық орта ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік шындық сегментіне қызмет ететін арнайы виртуалды әлем, желілік қауымдастықтар, желілік мәдениет және желілік тілдер пайда болды. Әлемдік өркениеттің дамуына және ғылыми-техникалық прогрестің маңыздылығы мен әсеріне байланысты интернет қазіргі дәуірдің символына – ақпараттық қоғам мен постмодерндік мәдениеттің дәуіріне айналды. Ғаламтордың дамуы жаңа ғасыр үшін өте қолайлы, себебі оның адам өмірі үшін тигізер пайдасы көп. Мысалы, - Ғаламтор желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі. - Сонымен қатар, ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар, сырластар табу мүмкіндігі. - Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын-туыс, достармен сейлесу мүмкіндігі. -Егер бұрын соңғы жаңалықтарды білу үшін адамдар газетке жазылуға немесе теледидардан кешкі жаңалықтарды күтуге мәжбүр болса, қазір қалаған ақпаратты ұялы телефоннан көруге болады. - Дәрігерге кіру үшін немесе киноға билеттар алу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Өйткені үйден шықпай, электронды түрде орын алуға мүмкіндік бар. Яғни ғаламтор адам өмірін едәуір жеңілдеткен. Жоғарыда келтірілген дәлелдер бойынша, ғаламтор желісі қазіргі заманғы адам үшін өте қажет екеніне көз жеткізуге болады. Дегенмен, ғаламтордың зияны да бар. Ең біріншісі – ғаламторға тәуелділік мәселесі. Бүгінде ғаламтор өмірімізге діндеп кірді. Ғаламтордың дамуы, оған деген тәуелділікті арттыруда. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеттік. Қазіргі кезде ғаламтор пайдаланушылар саны күн сайын өсіп келеді. Ғаламторды өз мақсатында қолдануға халыққа ешкім тыйым салмайды, керісінше «заманауи адам» болуды барлығымыз-ақ құптаймыз. Бірақ заманнан қалыспау ғаламтордың «тұтқыны» болу деген сөз емес. Ғаламторға тәуелділік проблемасы, қызығушылықтың өсуімен пайда болды. Кейбір адамдар виртуалды кеңістікке қызыққаны соншалық, олар үшін шынайы өмірден гөрі ғаламтор өмірі маңыздырақ болып келеді . Екіншісі – Ғаламтор тілді қалыптастырып қана қоймай, кері әсерін тигізуде. Бұл тілдің өзгеруіне ықпал жасайды және осы өзгерістердің таратушысы бола отырып, өзінің коммуникативтік мінез-құлық ережелерімен өз қауымдастығын қалыптастырады. Мысалы, -Қазақ сөздерін шет (орыс, ағылшын т.б.) сөздерімен бір тіркесте қолдану. Мысалы, «Молодец Ерке», «Мен чекты жібердім», «ҰБТ-ға дайындық үлкен ауқымды тема болып тұр» -Қазақ сөздерін кирилл әліпбиімен жазу. Мысалы, Instagram Желісінде «Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтың ата-ана туралы постының пікірлері: «Акыл создер, оте дурыс айткансыз ага», «Дурыс аитасын, аиналайын» -Хабарламаны жылдам жеткізу үшін ауызша тілде қолданатын және қолданбайтын қысқартулар да кездеседі. Мысалы, «не істеп?» – не істеп отырсың деудің орнына, «жо» – жоқ, «отрм» – отырмын, «жатрм» – жатырмын, «қаз» – қазір, «дим» – деймін, «со ғо» – сол ғой т.б. -Ағылшын сөздері немесе аббревиатуралар кеңінен қолданылады. Мысалы, эмоцияларды жеткізу үшін «LOL» – өте күлкілі, «OK» – жақсы, келістік, «wow» – таңғалу деген мағыналарды білдіреді. Сонымен қатар, ағылшын сөздерін қазақ сөздерімен бір тіркесте немесе бір сөзжасамдық модельде қолдануда бар. Мысалы, «лайк қою», «репост жасау», «сториске салу» және т.б. like, repost, stories Instagram желісіндегі құралдар. Осындай сөзжасамдық модельдер әлеуметтік желілердің көбеюі арқасында пайда болады деген нәтиже жасауға болады. Айта кету керек, бұл мүмкіндіктер интернет қолданушыларының бәріне бірдей тән емес. Әрине, мұның бәрі пайдаланушының өзіне (білім деңгейіне, жасына, жынысына және т.б.) байланысты. 5) «дөрекі мінез-құлыққа деген құмарлық» Қолданушы немесе белгілі бір интернет-қауымдастық ойлап тапқан әдепсіз сөздік қорын пайдалануға әкеледі. Өз кезегінде, бұл жағдай интернет-кеңістігінің анонимділігінен және глобалдылығынан туындайды. Пайдаланушы мыңдаған басқа пайдаланушылардан ерекшелену үшін хабарламаның (интернеттегі комментарийдің) тілдік құрылысын өзгертеді. Интернет-кеңістігіндегі қарым-қатынасқа тән ерекшеліктер: ​Термин, жаргон, неологизмдердің белсенді қолданылуы; Мысалы, Youtube кеңістігінде «Стамбулға қазақ ауылына бардық / Тілдерін ұмытпаған қазақтар / AVE ADIKUS» деген бейнеролигінің пікірлерін қарайтын болсақ: «Ассалаумағалейкүм братан сенің видеоң топ қазақты іздеп барғаныңа, бақытты бол», «Брат, Түркия туралы әлі көп шығаршы контент қо» Үшіншісі - Ғаламтордың мектеп қабырғасына тигізген әсері. Мысалы, онлайн платформасы. Онлайнға көшу 2019-жылғы Короновирус ауруына байланысты енген болатын. Ал бұл бізде қазір қалыпты жағдайға айналып отыр. Мысалы, мектепте қандай бір іс-шара, сынып сағаттары болатын болса, міндетті түрде фото отчет сұрайды. Ата-аналар жиналысы, олимпиадалар, т.б зум арқылы өтетін болған. Қазіргі таңда оқушылар күнделігі де, мұғалім журналы да электронды түрде қалыптасқан. Мектеп ішіндегі жайттарды да инстаграм желісіне жариялау қазір маңызды міндеттердің біріне айналған. Яғни ғаламтор дамуы тек қана қоғамға ғана емес, мектеп қабырғасына да біршама өзгеріс әкелгенін байқаймыз. ​Қорытындылай келе, интернет тілінің ерекшеліктері негізінен қарым-қатынастың болу сипатына байланысты. Интернет-кеңістіктегі қарым-қатынастың бірнеше ерекшеліктері атап өтілді. Олар: мәліметтің көп болуы және интерактивтілік; анонимділік және қашықтық; полифониялылық; еріктік және дөрекілік; «дөрекі мінез-құлыққа деген құштарлық». Бұндай ерекшеліктер әлеуметтік желіні пайдаланушылардың тілін талдау, бақылау арқылы анықталған. Осындай жағдайлар болмас үшін ғаламторды сауатты және дұрыс қолдана білу керек. Қысқасы ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Дұрыс мақсатта және сауатты пайдалана білсе ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз