Қазіргі таңда талқылануға алынып жатқан ең өзекті тақырыптардан бірі ол- гендерлік теңдік,яғни ерлер мен әйелдердің құқығы тең болуы. Қоғам күннен күнге жоғары даму үстінде болғандықтан, адам құқықтары, бостандық пен теңдік деген ұғымдар өте көп сынға алынуда. Бұл проблема әр елде және әр халықта әртүрлі оймен қалыптасып жатыр. Кейбір елдер теңдікті белсенді түрде қолдаса, кейбір елдер тіптен бұл мәселені жоққа шығарып, теңдік болуы мүмкін емес дейді. Гендерлік теңдік – ол ерлер мен әйелдердің заң алдындағы теңдігі ғана емес, сонымен қатар жұмыс, үй шаруасы, қоғам, саясатқа араласуында еркін ойын жеткізе алу мен теңдей қатыса алуға берілетін тең құқық.
Ежелгі заманда әйелдердің құқығы мүлдем болмады десемде болады. Себебі, әйелдер қауымын қоғамда жиі шеттететін. Ер адамдарды жоғары қойып, әйелдерді ерлерге тәуелді қылдыратын. Уакыт өте келе, әйелдер өз құқықтарын қорғап бастады. Саясат, жұмыс, еңбек пен кәсіптерге белсене қатысып, өз орындарын тауып жатыр. Ал ерлер жайлы айтатын болсақ, ер азаматтар да теңдік пен таңдауға ие. Бұрыннан келе жатқан: «ұлдарға жылауға болмайды» немесе «жігіт болсан шыда» деген принциптерге толықтай қарсымын. Әр адам ол- адам. Әр адамның жеке таңдауы мен жан дүниесіндегі жеке ойы бар. Кейбір адамдардың тар ойлауына байланысты,кейбір өңірлерде теңдік мүлдем жоқ. Қазір біздің елде бұрынғы менталитетпен өмір сүріп, әйел адам ер азаматтан бір саты төмен тұру керек деп есептейтін адам өте көп. Бірақ ол бұрынғы менталитет деп ойлаймын. Қазір замануи түрде қарап, теңдікке толықтай ерік беру керек.
Қорытындылай келе, мен гендерлік теңдік өте дұрыс деген тұжырымға келдім. Әр адамның жеке басындағы құқығы мен таңдауы бар. Ешкім ешкімге тәуелді емес. Егер де әлем толықтай гендерлік теңдікті қабылдап, ерлер мен әйелдер бірдей мүмкіндіктерге ие болса, қоғам- әлдеқайда бейбіт, тұрақты және өркениетті болатын еді деп есептеймін. Ерлер мен әйелдер бір-біріне қарсы емес, керісінше бір бірін толықтыратын тұлғалар. Сондықтан да, олардың құқықтары тең болуы қоғамның дамуына кепілдік береді. Гендерлік теңдікке жол берейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі