Соңғы уақытта қазақ тіліне деген қоғамдағы көзқарас қызу талқыға түсіп жүр. Әсіресе жақында “Magnum” супермаркеттер желісіне байланысты жағдай халықтың ұлттық тілге деген жанайқайын нақты көрсетті. Қазақ тілі — тәуелсіз елдің сипаты. Ал оны менсінбеу — бүкіл ұлтқа жасалған құрметсіздікпен тең.
Біз өз елімізде жүріп, қазақша сөйлеуге ұялатын немесе кедергі келтіретін жағдайлармен жиі кездесеміз. Бұл — үлкен мәселе. Әр азамат пен азаматша өз тілін қорғамаса, өзгелерден оны құрметтеуді қалай талап ете аламыз?
Қазақ тілінің мәртебесі туралы әңгіме болғанда, маған үнемі Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасындағы мына жолдар еске түседі:
«Мен — қазақпын, тілім менің — жүрегім,
Мен — қазақпын, әнім менен жырым — емің…»
Тіл болмаса, жүрек соқпағанмен тең. Яғни тілсіз — ұлт жоқ. Тілім — менің өткенім, бүгінім, ертеңім.
Қазақ тілі — ата-бабамыздың аманаты. Ал аманатқа қиянат жасалмауы керек. Қазақ даласында, қазақ жерінде қазақ тілінің үстем болмауы — тарихи әділетсіздік. Егер өз елімізде өз тілімізге қолдау көрсетілмесе, оны кім қолдайды?
Қазақ тілін тек заңмен емес, жүрекпен қорғау қажет. Қазақша сөйлеу — сән емес, парыз. Бұл — біздің болашағымыздың, рухани тәуелсіздігіміздің көрінісі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бахытбай Алина

Бұл оймен толықтай келісемін,қазақ тілін өзіміз көтермесек оны қалай өзгерден талап ете аламыз,мақала өте терең оймен жазылған,тілімізді құрметтейік,елдің тілі жоғалса өзіде жоғалғанмен пара пар
Керемет,қазақша сөйлеу “мода да”????????????????????????????????????????????????????????
Өте керемет жазылған????????????
????????????????????????
Сөз байлығын қандай мол.????
Ақылдым сол❤️
Жаным сол,????????????
Осында жазылған сөздермен толығымен келісемін.Қазақ тілін білу біз үшін өте маңызды.Оны дәріптеу,сол түлді құрметтеу біздің мойнымызда.Жарайсыі ойың толық әлі нақты жазылғын алтыным????
Супер