Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері

Жастар өмірі — желімен егіз. Кімге пайда, ал кімге жегіз? Бүгінде жастар әлеуметтік желінің жетегінде. Расында, олар өмірлерін интернет желілеріне байлап қойған. Жатса — жастықта, тұрса — қолдарында жүрген телефон, яғни әлеуметтік желі жастарды тәуелділікке итермелеуде.

Қазақстанда 16–35 жас аралығындағы жастар әлеуметтік желіге айтарлықтай уақыт бөледі. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, жастардың басым бөлігі күніне 7 сағаттан астам уақытын осы тастай телефонмен, ессіз интернетке байлап қойған. Мәселен, қолданыста жүрген Instagram мен Facebook платформаларын қарастырайық:

25–34 жас аралығындағы пайдаланушылардың саны Instagram желісінде – 3,5 миллионнан астам, ал Facebook-та – 3,7 миллионнан астам адамды құрайды.

2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 25–34 жас аралығындағы жастардың жалпы саны – шамамен 2,81 миллион адам. Демек, жастардың басым көпшілігі уақытын әлеуметтік желіде өткізіп отыр. Әлеуметтік желі жастарға пайдалы мүмкіндік сыйлайды. Мысалы, байланыс орнату, жаңалықтармен танысу және өз ойын білдіру сияқты жағымды тұстары бар. Дегенмен, көпшілік уақытын ойын-сауық пен қысқа қызықты видеолар көруге жұмсайды. Зерттеулер көрсеткендей, жастардың тек 17%-ы ғана интернетті оқу немесе білім алу мақсатында пайдаланады.

 

Сәйкесінше, мынадай сұрақ туады: неліктен жастар бұл уақыттың көп бөлігін білім алуға немесе кітап оқуға арнамайды?

Әлеуметтік желі — жаңашылдық. Ал жаңашылдыққа ілесу — жастардың қолында. Егер жастар жаңашылдықты бос дүниеге емес, пайдалы істерге бағыттаса, бұл — жарқын болашақтың кепілі болмақ.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кулахметова Мархабат


Пікірлер (1)

Алина

????????жақсы жазыпсыз толықтай келісемін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз