Өлең, жыр, ақындар

90 жылдық тарихы терең – ҚазҰУ

Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. ҚазҰУ — студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. 90 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан университеттердің бірі де бірегейі. 

Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университеті Орталық Азиядағы ең танымал университеттердің бірі. Сонымен қатар жас және тез арада білім беру қызметтерін көрсететін көшбасшы.  Университеттеқазақ және орыс тілдеріндегі мүмкіндіктерден басқа, толығымен ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламаларда бар.

Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы құрылған. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 17факультетте 25 000-нан астам студент білім алады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз көрсеткіштерін жақсартты. Осы жыл ішінде университет 9 көрсеткіш бойыншат 67 позицияға жоғарылап, 230 позициядан 163 орынға көтерілді. Осылайша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдеді.

ҚазҰУ ғылыми-зерттеу жүйесі, жобалар мен мәліметтерді аудару, технологиялық инфрақұрылымдарын жетілдіруге қатысады. Технологиялық тәжірибе орталығы, жаңа технологияларды жетілдіру, сынау және бағдарламалау арқылы өнімдер мен әдістерді жаңа тәжірибелерге алатын ғылыми-технологиялық орталық пен бизнесте өз орнын табуға стартаптарды дамытуға мүмкіндік туңызатын бизнес инкубаторлар бар. 

Университетің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру болғандықтан болашақ мамандардың кәсіби білімін ғана шыңдандырмай, оларды азамат болуға тәрбиелейді. 

Университет студенттерінің өмірі алуандығымен әрі қызықтылығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар жастық жалынды, талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, факультетаралық сайыстарға белсене қатысады, түрлі ұйым шараларына да қатысып, университет, факультет дамуына өз үлестерін қосады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық бағытта білім бағдарламалары бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетте білім алатын барша студенттер үшін көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол мүмкіншілікті  пайдалана білу, әр студенттің   өз  қолында.

Университеттің ерекшелігі және  ең қолайлы тұсы – студенттер үйі де, барлық факультет ғимараттары да бір қалашықтың ішінде  орналасқандығы. Онымен қоса ең бай кітапхана - Әл-Фараби кітапханасы орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент  өзінің  керегіне еш  қиындықсыз  қол  жеткізе  алады. Қалашықтың табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Айналаны қоршалған жасыл  желекті  ағаштар, хош иісті, алуан түрлі гүлдер, таза  ауасы,  ең бастысы шыңы аспанмен таласқан заңғар Алатау орналасқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы  әр адамды биікке жетелейтіндей  көрінеді.

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Андабаева Г.К., э.ғ.к., доцент

Сарыпбек Ш.С., «6B04103 – Экономика»

білім беру бағдарламасының 2 курс студенті

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз