Жақында біз отбасымызбен Өзбекстандағы Самарқанд қаласында болдық. Самарқанд – тарихи орындарға бай, қандай да бір рух сезілетін қала. Самарқанд өзінің ерекше атмосферасымен адамдарды тартып тұрады. Біз Самарқандта әртүрлі тарихи орындарды көріп, түрлі тарихи әңгімелерді тыңдадық. Әмір Темірдің кесенесі, мемориалдық кешен Шахи-Зинда, Регистан алаңында болдық. Сонымен қатар нағыз самарқандтық палау жеп, кілемнің және қағаздың жасалу жолын көрдік.
Мемориалдық кешен Шахи-Зинда – таңғажайып орын. Ескі қала сияқты ерекше энергетикасы бар. Құрылысына келсек, араб жазуларымен жазылған мұсылманша сөздер, әрбір бөлшегі мұқият ойластырылған ерекше кесене. Бұл жерге қатысты аңыз әлі күнге дейін адамдардың жүрегінде сақталған. Шахи-Зиндаға келушілердің алдында 40 сатыдан тұратын баспалдақ көрінеді, ол тәубе мен дұға жолын бейнелейді. Шахи-Зиндаға келген әрбір турист жоғары көтеріліп, қайта түскенде баспалдақтарды санай бастайды. Аңыз бойынша, егер көтерілгенде және түскенде шыққан сан бірдей болса, онда адам күнәлардан тазартылған деп есептеледі.
Ал Регистан алаңы үш үлкен медресемен қоршалған: Әмір Темірдің немересі Ұлықбек медресесі, сондай-ақ Шердор және Тіллә-Кәри медреселері. Маған бұл жердегі тарихи әңгімелер ерекше ұнады. Ұлықбектің астрономияға қызығушылығы, осы салаға байланысты ойлап тапқан еңбектері өте әсерлі болды. Сонымен қатар балаларды оқыту жүйесі мен сәулет өнері де назарға лайық.
Самарқанд – өте тартымды қала. Қаланың тұрғындары қонақтарға сый көрсеткен, мейірімді, жылы жандар. Самарқанд – тарихы терең, көрер жері көп қала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі