Дәлдік өнері – садақ ату - Сәбитбек Айару 

   Садақ ату – адамзат тарихындағы ең көне дәлдік спорттарының бірі. Археологиялық деректерге сүйенсек, адамдар садақты шамамен 15 000 жыл бұрын аңшылық үшін қолдана бастаған. Қазіргі таңда ол халықаралық спортқа айналып, World Archery ұйымы арқылы әлем бойынша дамып келеді. Олимпиада ойындарында садақ атуға 100-ден астам ел қатысады, бұл оның жаһандық деңгейде таралғанын көрсетеді.

Садақ ату ең көп танылған елдердің бірі – Оңтүстік Корея. Бұл ел халықаралық жарыстарда көптеген алтын медаль жеңіп, дәлдік спортының көшбасшысы саналады. Сонымен қатар АҚШ, Қытай және Түркия сияқты елдерде де бұл спорт кең таралған. Мысалы, Түркияда шамамен 5 000 лицензияланған садақшы бар. Әлемдік деңгейде бұл спорттың танымалдығы артып келеді: әлеуметтік желілерде садақ ату Олимпиадалық спорттардың ішінде алғашқы жетілікке енген.

Қызықты факт: соңғы жылдары фильмдер мен сериалдар бұл спортқа қызығушылықты арттырған, тіпті кей елдерде қатысушылар саны 25% өскен. Сонымен қатар бұл спортта тек күш емес, назар, тыныс алу және дәл есеп маңызды. 

Садақ атуды меңгерудің 3-негізгі әдісін атап көрсетемін: 

  1. Нысанаға қарағанда емес, бір тұрақты нүктеге назар аудару.
  2. Тынысты бақылап, атуды тыныс шығарғанда жасау.

Қолдың емес, бүкіл дененің тепе-теңдігін сақтау.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Сәбитбек Айару 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз