1993 жылы Soul Asylum атты рок-группаның «Runaway train» әні шыққан еді.Ол кезде 90-шы жылдарға тән ең қарапайым ән болған. Бәрі жақсы болар еді, бірақ бір жылдан кейін түсірілген бұл әнге бейнебаян бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бейнебаянда авторлар бірнеше жоғалған балалардың есімің, және олардың суретін жүктеп қойған:
« Мая Уильда (1992 жылдан бері ізделуде) ; Анн Кристина (1991 жылдан бері ізделуде) ; Эрик Берн (1992 жылдан бері ізделуде) ; Сью Джинджер (1992 жылдан бері ізделуде) ; Анна Мишель (1992 жылдан бері ізделуде) ; Мэттью Кристофер (1990 жылдан бері ізделуде) ; Уэс Марта (1990 жылдан бері ізделуде) ; Эмили Пойз (1992 жылдан бері ізделуде) ; Томас Гибсон (1991 жылдан бері ізделуде)».Олардың қазір қайда екені жұмбақ болғанымен, бейнежазбадан кейін көбісі табылған.Осы жазу тек АҚШ-та көрсетілген бейнежазбада болған.Басқа региондарға көрсетілген бейнежазбада, олардың елінде жоғалған адамдардың есімі жазылған болатын. Мысалы, Аустралиядағы көрсетілген бейнежазбада тек осы балалардың есімі емес, жоғалған туристтер мен олардың отбасыларының суреттері болған.
Осы бейнежазбаны 240 миллионан астам адам көріп, соның әсерінен 26 бала, 3 ересек адам табылған болатын.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі