Өлең, жыр, ақындар

Мен армандаған мамандық

Мен армандаған мамандық

Мамандық — адамның өз қабілеті мен қызығушылығына қарай таңдап, болашақта өз еңбегіннің жемісін көретін сала. Әр адам белгілі бір мамандықты таңдай алады, бұл оның қызығушылығына, қабілеттеріне және өмірлік мақсаттарына байланысты болуы мүмкін. Бұл тек ақша табу ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға үлкен мүмкіндік болып келеді. Ал менің арманым - журналист болу. Неге дейсіздер ғой? Себебі, мен бұл мамандыққа балалық шағымнан бастап қызығып келемін.Журналистика-ізденісті талап ететін, қайсарлық мінез керек мамандық. Сұраныс жоғары, бірақ екінің бірі жете алмайтын мамандық түрі. Менің журналист болуға деген қызығушылығымды артқан бұл «Балдырған» атты бағдарлама еді. Мен қарап отырып, қалай сол бағдарламаның жүргізушісі болғанымды да білмей қалдым. Сол жерде бір түсінгенім, бәрі бірден ойдағыдай болып кетпейді екен. Көз алдымда қаншама адамның еңбек етіп жүргенін көрдім. Журналистика саласында жұмыс істеу мен үшін үлкен жауапкершілік тудыратынын түсіндім. Себебі журналист – тек ақпарат беруші емес, ол қоғамның айнасы. Және де журналистика саласында жұмыс істеу үшін терең білім мен төзімділік қажет. Біріншіден, ең алдымен, ізденімпаз, сауатты, пысық болуын керек. Жақсы журналистің басты қасиеттері – оқиғаға терең талдау жасап, оны дұрыс түсініп, халыққа жеткізу. Сол үшін мен білімімді арттырып, жазу, сөйлеу дағдыларымды дамытуға тырысып жатырмын.Екіншіден, журналистика мамандығы өте қатты төзімділікті қажет етеді деп ойлаймын. Журналистің жұмысы көбінесе уақытпен шектеледі, жаңалықтар жиі өзгеріп отырады, ал ақпаратты тез әрі дәл жеткізу керек. Яғни, аяқ астынан ұйқыннан тұрып, жұмыс істеп кетуге дайын болуын керек. Мұның бәрі эмоционалды және физикалық тұрғыдан қиындық тудыраса да шыдау қажетпіз.                                                                                                                                  Қорытындылай келе, арманымды жүзеге асыру үшін көп еңбек ету керек екенін ұқтым. Мен бұл салада өз бойымдағы білімімді арттырып, тәжірбие жинақтап, жаңа мүмкіндіктермен жұмыс істеуді мақсат етемін. Болашақта қоғамдағы әділетсіздік пен дұрыс емес ақпараттарға қарсы тұрып, шындықты халыққа ұсынамын. Адамдарға ақпарат жеткізіп, олардың пікірін, ойларын білу мен үшін өте қызық әрі маңызды. Арманымның орындалуы үшін мен жоғары оқу орнында журналистика саласын терең меңгеріп, тәжірибе жинақтауым керек. Сонымен қатар, практикалық жұмыстар мен шығармашылық қабілеттерімді дамыту үшін түрлі жобаларға қатысып, өзімді осы салада сынап көруген дайынмын. Сол кезде ғана мен армандаған мамандығымның нағыз иесі болып шыға аламын.а мен армандаған мамандығымның нағыз иесі болып шыға аламын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз