Экология – жай ғана қоршаған орта туралы ғылым емес, ол — адамзаттың өмір сүру сапасын айқындайтын басты өлшем. Қазіргі таңда қалаларда ауа ластануда, орман алқаптары қысқаруда, тұрмыстық қалдықтар шамадан тыс жиналуда. Бұл жағдайлар адамның денсаулығына ғана емес, тұтас табиғи тепе-теңдікке қауіп төндіреді.
Экологиялық мәселелерді шешу үшін тек мемлекет емес, әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы қажет. Қалдықтарды сұрыптау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттер – үлкен өзгерістерге бастау бола алады. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – балабақша мен мектеп қабырғасынан басталуы керек. «Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық» деген қағида әр адамның өмірлік ұстанымына айналғанда ғана, біз өз ұрпағымызға таза ауа мен жасыл табиғатты аманаттай аламыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кулахметова Мархабат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі