Өлең, жыр, ақындар

Кесе емес, бұлақ болуға тырыс

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір кесе суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. “Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып.

Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. “Кесе емес, бұлақ болуға тырыс“, – деген екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Алмас

Шынымен де кең болып жүру керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз