Шапан – қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол – арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім. Шапан тік немесе қайырма жағалы болады. Жағасы, өңірі, жеңі әсем ұлттық өрнектермен безендіріліп тігіледі. Әдемі болуы үшін кейде жиегіне бағалы аң терілерінен, басқа қымбат матадан зер, бұлық немесе жұрын салынады. Шанаға түйме, әйелдердікіне ілмек, қапсырма қадайды немесе сыртынан белбеу буынады. Шапан үлгісіне қарай қаптал шапан, сырмалы шапан, қималы шапан болады. Бұл киімді барлық адамдар кие береді, өйткені ол пальтодан гөрі тез киюге, отырып-тұруға аса ыңғайлы әрі жылы. Белгілі жазушы Ғ.Мұстафин жасы ұлғайған шағында шапан киіп жүрген.
Тәуке ханның «Жеті жарғысында» тәртіп бұзған адамдарға ат немесе шапан айып тарттырып жазалау да шапанның қазақтың тұрмысында зор маңызы бар екенін дәлелдейді.
Құметті қонаққа, құдаларға шапан кигізу – ата салтымыз. Бұл күндері мүшел жасқа толған адамдарға шапан кигізу дәстүрі қалыптасып келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Ербол
Жаксы
гулайым
Оте керемет