Дүниежүзінде әлеуметтік желі қолданушыларының саны шамамен 5,4 миллиард адамды құрайды — бұл әлем халқының шамамен 65–66 пайызын қамтиды. Ал Қазақстанда 2025 жылдың басында шамамен 15,7 миллион әлеуметтік желі қолданушысы тіркелген. Бұл ел халқының 75,7 пайызына тең көрсеткіш. Дегенмен, әлеуметтік желі — жаман орта емес. Оны дұрыс пайдалана білу маңызды.
Мысалы:
пайдалы контент оқу,
білім алу,
шығармашылық идеялармен бөлісу,
экологиялық және әлеуметтік жобаларды насихаттау — мұның бәрі желінің жақсы жақтары.
Егер әрбір қолданушы өз парақшасын пайда әкелетін, мотивация беретін кеңістікке айналдырса, әлеуметтік желі қоғамның дамуына зор үлес қоса алады. Алайда көптеген жастар әлеуметтік желідегі өмірді шынайы өмірмен шатастырып, барлығы мінсіз болуы керек деп ойлайды. Бірақ желідегі «мінсіз өмір» көбіне шынайылықтан алыс екенін түсіну қажет.
Қазіргі таңда Қазақстанда:
Instagram қолданушылары – шамамен 12,46 миллион адам,
TikTok қолданушылары – шамамен 14,73 миллион адамды құрайды.
Қолданушылардың жасы негізінен 6 мен 65 жас аралығында.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрбай Инабат
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі