Әлеуметтік желі — тек ақпарат пен хат алмасу құралы ғана емес, қазіргі жастардың негізгі көзіне айналды. Бүгінде әлеуметтік желілер қарқынды дамып, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Оның дамуы қоғамға да, адамға да оң және теріс әсерін тигізуде.
Әлеуметтік желінің оң жақтары
Халықтың басым бөлігі әлеуметтік желіні пайдалы мақсатта қолданады. Мысалы, бір ақпаратты оқу, мәлімет табу, немесе таныстары мен достарымен байланысу үшін пайдаланады.
Статистикаға сүйенсек:
адамдардың 34,6%-ы әлеуметтік желіні оқу және ақпарат алу үшін қолданады;
28,7%-ы туыстарымен немесе достарымен сөйлесу үшін пайдаланады;
27%-ы мен 26,2%-ы әлеуметтік желі арқылы тауар іздеп, жаңа әрі қызықты заттар табады.
Сонымен қатар әлеуметтік желі пайдаланушыларының 54%-ы ер адамдар, ал 46%-ы әйел адамдар екені анықталған.
Кері әсерлері
Әлеуметтік желінің пайдалы жағы болғанымен, оның кері әсері де бар. Адамдардың 35,4%-ы әлеуметтік желіні тек бос уақыт өткізу үшін қолданады. Ал күніне 3 сағаттан көп уақытын желіде өткізетіндердің үлесі 33%шамасында. Бұл көрсеткіш жастардың әлеуметтік желіні тиімсіз пайдаланып отырғанын көрсетеді.
Ең танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер
Қазіргі таңда ең көп қолданылатын жеті әлеуметтік желі бар: TikTok, Instagram, Snapchat, Facebook, LinkedIn, Telegram және WhatsApp.
Қазақстан бойынша статистика:
TikTok — шамамен 15,7 млн тіркелген аккаунт, халықтың 75,7%-ы;
Instagram — 12,4 млн пайдаланушы;
Facebook — 2,6 млн қолданушы;
LinkedIn — 1,7 млн қолданушы;
Snapchat — шамамен 885 мың қолданушы;
WhatsApp — қазақстандықтардың 83,4%-ы қолданады;
Telegram — шамамен 10 млн пайдаланушы.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Исабек Альмира
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі