Экологиялық мәселелер – қазіргі әлемдегі ең өзекті проблемалардың бірі. Бұл мәселелердің туындауына негізінен адамдардың іс-әрекеті себеп болып отыр. Қоқысты бей-берекет тастау, фабрика мен зауыттардың қалдықтарын өзен-көлдерге төгу, ормандарды жою – мұның барлығы қоршаған ортаға елеулі зиян тигізуде.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
1. Зауыттар мен фабрикалардың ауа мен суды ластауы.
Өндіріс орындарынан шыққан түтін мен қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Түтін атмосфераға таралып, ауаның сапасын нашарлатады, ал сұйық қалдықтар өзен-көлдерге төгілгенде судың ластануына және тірі ағзалардың жойылуына әкеледі.
2. Каспий теңізінің жағдайы.
Каспий теңізіндегі су деңгейі соңғы жылдары едәуір төмендеп барады. 1977 жылғы ең жоғары көрсеткіштен бері теңіз деңгейі айтарлықтай азайған. Бұл құбылыс жағалаудың бұзылуына, экожүйенің өзгеруіне және теңіз түбінің құмдануына себеп болуда.
3. Арал теңізінің тартылуы.
Арал теңізі – адам әрекетінің салдарынан жойылып бара жатқан табиғи нысан. Соңғы онжылдықтарда теңіз суының көлемі үш есеге азайып, жағалау кей жерлерде 80 шақырымға дейін шегінді. Су деңгейі 49 метрлік белгіден төмен түсті. Бұл жағдай аймақтың климатына, ауыл шаруашылығына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді.
Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
1. Қоқыс пен пластик қалдықтарын дұрыс жою.
Пластик – табиғатта өте баяу ыдырайтын материал. Ол жүздеген жыл бойы топырақ пен суда сақталып, өсімдіктер мен жануарларға зиян келтіреді. Сондықтан пластик бөтелкелер мен пакеттерді далаға тастамау, оларды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау – табиғатты қорғаудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі.
2. Суды тиімді пайдалану.
Су – тіршіліктің негізі. Алайда суды шамадан тыс пайдалану және ысырап ету болашақта үлкен экологиялық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Әр адам суды үнемдеуді үйренсе, бұл ғаламдық мәселенің алдын алуға үлес қосады.
3. Қалдықтарды қайта өңдеу.
Қайта өңдеу – экологиялық мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарының бірі. Пластик, қағаз, әйнек және металл қалдықтарын қайта өңдеу арқылы табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоқыс көлемін азайтуға болады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садырбекова Райхан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі