Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желі: заманауи қоғамның айнасы

    Қазіргі заманда әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Миллиондаған адам instagram, TikTok, watsapp, threads, telegram сынды желілерді күніне 10-15 сағаттап қолданады. Әлеуметтік желі қоғамға көптеген мүмкіндіктермен қатар кемшіліктер әкелді, ол бүгінде тек қарым қатынас құралы емес, ақпарат алаңына және жұмыс пен табыс көзіне айналды. 

Мысалғы telegram ның айлық белсенді қолданушылары шамамен 1 миллиард. Күн сайын белсенді қолданушылар шамамен 450 миллионға жуық.  Ал белсенділік өсімі өте жылдам, мысалғы 2020 жылдан бері пайдаланушылар саны жуықтағанда 31% өскені көрсетілген. Қазақстанда желіні қолдану барысындағы мақсаттар өте көп, соның бірі белгілі бір тауарды сату. Телеграмдағы канал арқылы адамдар әртүрлі зат сатады. Жас ұрпақ көбінесе түрлі музыка тыңдауға, фильмдер көруге қолданады. 

  TikTok желісін глобалды айлық белсенді қолданушылары 2025 жылы шамамен 1.59 млдр адам болғаны есептелген. Жастар-қолданушысының үлесі жоғары: “қазір қолданушылардың 55 %-дан астамы 30 жасқа дейінгі” деген дерек бар. Бір зерттеу бойынша: 37 % тұтынушылар TikTok-ты “трендтер мен мәдени сәттерге ілесу” үшін қолданады. Тик ток желісін жастар қоғамда қысқаша бейнежазбалар арқылы өздерінің шығармашылығын көрсету үшін қолданады.

  Threads тек жарияланғанынан кейін 5 күннің ішінде 100 миллионнан астам тіркелген қолданушы жинаған.  Айлық белсенді қолданушылар саны Q3 2025-ке қарай шамамен 400 миллион болған.  Әдеттегі қолданушының Threads-тегі орташа сессия ұзақтығы өте төмен — бір дерекке сай ~ 5 минут 8 секунд.

  2025-жылы WhatsApp-тың ақырғы есебі бойынша әлем бойынша ~2.9-3.2 миллиард айлық белсенді қолданушысы бар деп бағаланады. Хабарламалар саны күн сайын 100 миллиардтан астам жетеді.Қолданушылардың қолдану уақыты: орташа есеппен күніне шамамен 34-38 минут қолданушылары WhatsApp қолданады. WhatsApp — әлемдегі ең кең тараған хабарлама алмасу қосымшаларының бірі. 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрдаулет Фариза


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар