Өлең, жыр, ақындар

Таза Қазақстан – Таза Болашақ. «Адал адам – адал еңбек – адал табыс»

   Қазақстанның түкпір-түкпірінде экологияға бейжай қарамайтын жастар саны артуда. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.

Акция туралы жалпы мәлімет:

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 2024 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында өтті. Акцияға 5,83 миллионнан аса адам қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» деген патриоттық құндылықтарды насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Таза ауа» рейдтері барысындағы жұмыстар:

  • 482 автомобиль тексерілді;

  • Экологиялық стандартқа сай келмейтін 105 көлік анықталды;

  • 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту берілді.

Экологиялық акция нәтижелері:

  • 1,159 мың тоннадан аса қоқыс жиналды;

  • 1,609 мыңнан аса ағаш отырғызылды.

Жобаның ерекше жетістігі – азаматтарға өз өлкесіндегі экологиялық мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасының іске қосылуы. Бір жыл ішінде чатбот арқылы 7 929 өтінім түсті.

Ең жиі жасалған өтінімдер:

  • Аумақтарды жинау – 2 142 өтінім

  • Тұрмыстық қоқыстарды шығару – 668 өтінім

  • Көшелерді абаттандыру – 648 өтінім

  • Жолдарды жөндеу – 595 өтінім

Акция аясында республикалық шығармашылық байқау өткізілді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысты. Байқауда мектебіміздің мақтанышы Ғалымжан Аружан «Суды үнемдеу» тақырыбында ұсынған шығармасымен ерекше көзге түсіп, жоғары бағаланды. Өз туындысын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа табыстаған оқушы арнайы алғысқа ие болды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әділгерейқызы Әлия


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз