Өлең, жыр, ақындар

Қартаймайтын ойыншылар

    Футбол әлемінде уақытты жеңіп шығу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бірақ жылдар өтсе де өз шеберлігі мен дене бітімін сақтап қалған ойыншылар бар. Олар — өз ісіне адалдығы, еңбекқорлығы арқылы жас буынға үлгі бола білген нағыз кәсіби спортшылар.

Қазіргі таңда денсаулығына ерекше мән беретін футболшылардың бірі – Криштиану Роналду. Оның 20 жылдан астам уақыт жоғары деңгейде ойнап келе жатқаны бекер емес. Жетістігінің құпиясы — қатаң тәртіп, дұрыс тамақтану және үздіксіз даму. Ол сұхбаттарында Coca-Cola сусынының орнына таза су ішуге кеңес береді. Бүгінде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында тер төгуде. Ақпанда 41 жасқа толатын Роналдудың физиологиялық жасы WHOOP денсаулық трекерінің мәліметінше – 28,7 жас. Бұл оның жақын арада спорттық мансабын аяқтауға асықпайтынын көрсетеді.

Златан Ибрагимович те футбол әлеміндегі дене дайындығы ең мықты спортшылардың бірі саналады. Ол 41 жасқа дейін Еуропаның топ клубтарының бірі — «Милан» сапында өнер көрсетті. Мұндай жаста жоғары деңгейде ойын көрсету өте сирек кездеседі. Ұзақ жылдар бойы йога мен жаттығу залдарын серік еткен Ибрагимович футболды аяқтаса да, спорттық режимін тоқтатпай, денсаулығын сақтап, тамаша физикалық формада жүр. Дәрігерлер оның физиологиялық жасын 28–30 жас аралығында деп бағалайды. Әлеуметтік желілерінде де спортпен белсенді түрде айналысып жүргенін көрсетіп келеді. Осындай спортшылардың өмір жолы бізді төзімді, еңбекқор және мақсатшыл болуға үндейді. Спортқа қызығатын әрбір жас олардың тәжірибесінен үлгі алса, үлкен жетістіктерге жете алады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Молдаханұлы Досымжан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз