Қоғамның тұрақты дамуы мен әділеттілігі ең алдымен азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейіне тікелей байланысты. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін адам заңға немқұрайлы қарамайды, керісінше, оны құрметтейді. Ал заңға құрмет бар жерде тәртіп те, қоғамдық сенім де қалыптасады.
Құқықтық сауаттылық — тек заңгерлерге ғана қажет білім емес. Ол әрбір азаматтың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Адам өз құқығын білсе, заңсыз әрекеттерге бармайды және әділетсіздікке тап болған жағдайда өзін заң аясында қорғай алады. Бұл — қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Қазіргі таңда жастардың құқықтық біліміне ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі жастар — қоғамның болашағы әрі белсенді бөлігі. Құқықтық сауаты төмен жас түрлі теріс әрекеттерге оңай ілігеді, ал заңды білетін, саналы жас өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайды. Мектептерде құқық негіздерін оқыту, түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық жобалар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.
Құқықтық сауаттылық — жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Заңды білетін әрі құрметтейтін азаматтар көбейген сайын әділетті, жауапты және дамыған қоғам қалыптасады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қуаныш Зарина
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі